Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Қабылқанова Назира Шәкерқызы

 

Қабылқанова Назира Шәкерқызы

«Жаңашыл ұстаз сыр шертеді»

Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеалдары да күнделікті қамқорлықты қажет етеді. Өйткені олар мектептен тыс уақытта түрлі көздерден әр түрлі мәндердегі ақпараттар өрісінде болады. Біз өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін рухани-адамгершілікті адам дйындау үшін күресті бір сәт те қолдан шығарып алмауымыз керек.

Осыған орай мектебімізде заман талабына сай білім беруде инновациялық оқыту, ақпараттандыру сияқты кезек күттірмейтін ауқымды істер жүзеге асуда. Біз №159 гимназияда заман талабына сай оқушыны оқу материалдарын дайын күйінде алуға емес, өз бетімен ізденуге, өзіне қажетті білімді қолдана білуге бейімдеуді қолға алдық. Өз пәнім бойынша оқушының географиялық білімді ізденіп алуын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру жұмыстарымды көбінесе балаға әдістемелік көмек көрсету жолымен атқарамын. Оқушының оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша білім көздеріне сүйенуі үшін бағыттар беремін. Географиялық жаңа басылымдарды жинақтау, теледидар арқылы берілетін хабарларды бейнетаспаға түсіріп отыру, аудандық, қалалық, білім сайыстарына қатыстыру т.б. шаралар оқушыларымды білімді өз бетінше алуға дағдыландырады. Оқушының өз жауапкершілігін өзі түсініп, өзіне қойылған міндетті шешіп, өз бетінше ізденіп, талдап, өз пікірін қалыптастыру деңгейіне жету үшін үнемі даму үстінде болуын қадағалаймын. Мысалы, өзімнің автор болып жазған 6-сынып оқушыларына арналған физикалық география оқулығында бақылау жұмыстарының түрлерінің құрамында оқушы білімін тексеруге арналған үлестірме материалдардың төрт тобы ұсынылған.

 

Өзімнің жеке тақырыбым «География сабағында оқушылардың таным белсенділігін арттыру» проблемасы бойынша бай тәжірибе жинақтадым. Осы тақырыпта облыстық педогогикалық оқуда баяндама жасап, жүлделі орынға ие болдым. Мен Зайсан аудандық «Мұғалім-92» конкурсына қатысып, 1 орынды иелендім. 1991 жылдан Қазақстан географиясынан Республикалық атаулы мектебінің мүшесімін. Республикалық семинарда өткізілген сабақтарым география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралда жарияланған. Қазақстан географиясы пәніне арналған «Туған жер табиғаты» тарауы бойынша «Зайсан географиясы» қосымша құралын жаздым, ол аудан мектептеріне таратылды. 1999-2000 оқу жылында «География жаңа ақпараттық ортада» деген тақырыпта үлгі сабақ өткіздім, ол сабаққа республикалық «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева қатысты.

2000-2001 оқу жылында тамыз маслихатында қала географтарына жасаған «Оқулықпен жұмыс» баяндамам тиімді әдістемелік құрал ретінде бағаланды.

География пәнінің бір бөлігі – мектептегі туристік-өлкетану жұмыстары. Туристік-өлкенің жұмыстары оқушыларды туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады, білімін жетілдіреді, біліктілігін кеңейтеді. Ол өлкетану үйірмесі мүшелерінің жұмыстары арқылы жүргізіледі. Қазіргі өмір талабына сай халықаралық туризмге сұраныс өсіп келеді. Келешек жас ұрпақты осы бағытта даярлаудың маңызы зор. Елімізде шетел туристері де, жергілікті халық та тамашалайтын тәрбиелік мәні зор орындар баршылық. Менің ойымша, туристік өлкетану білім қорларын жетілдіру оқу тәрбиесінде өте қажет. Мен сол мақсатта жұмыс істеймін және туған жер табиғатын оқыту, үйрету міндетім деп есептеймін. Бұл бағыттағы оқу-тәрбие жұмысымда едәуір нәтижелерге қол жеткіздім. 2004-2005 оқу жылында «өлкетану» бағыты бойынша Иманбаева Әнел, Қошанов Даурен, «Іле Алатауының туристік-өлкетану мүмкіншіліктері» деген тақырыпта ғылыми жұмыс жасап, Кіші ғылым академиясының ғылыми практикалық конференциясында 1 дәрежелі дипломға ие болды. 2005-2006 жылында А.Аюбаев қалалық олимпиадада I орын алса, 2005-2006 Түркияда өткен халықаралық ғылыми конференцияда «Арал экологиясының болашағы» деген тақырыпта Ә.Иманбай жүлделі орынға ие болды.

2007-2008 оқу жылында 10-сынып оқушысы Үсен Айша «Оңтүстік Балқаш өңірінің шөлге айналу процестері» ғылыми баяндамасы «Дарын» ғылыми жобаны қорғау конференциясында арнаулы грамотамен марапатталды.

2008-2009 оқу жылында 10-сынып оқушысы Дәулетова Ақботаның қалалық ғылыми жобаны қорғау конференциясында «Алматы облысында тау туризмін дамыту мүмкіншіліктері» тақырыбында жасаған баяндамасы II орын дәрежелі дипломмен, «Республикалық ғылыми жобаларында көрсеткен ерекше жетістіктері үшін» грамотасымен марапатталды. Оған «Туран» университетінде қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен өткен ғылыми жоба жарысында 5% жеңілдік алу құқығына ие болатын сертификат берілді.

2009-2010 оқу жылында 9- сынып оқушысы Темірбекова Самал қалалық ғылыми жобаны қорғау конференциясында «Үңгірбастау өзені алабында экологиялық танымдық туризмді дамыту» тақырыбында жасаған баяндамасы үшін арнайы грамотамен марапатталыды және «Туран» университетінде өткен жарыста II орын алды.

2010-2011 оқу жылы Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Жасыл планета-2010» экологиялық форумға 6-8-10 сынып оқушылыры еліміздің экологиясын қорғау жөнінде арнайы жоба жасап қатысып, форум лауреаттары болды. Осы оқу жылында «Алакөл ойысы көлдерін зерттеу және туризм мақсатында дамыту» тақырыбындағы қалалық «Дарын» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен өткен конференциясында 2 оқушы баяндама жасап, марапатталды.

Баспа беттерінде жарық көрген еңбектерім:

1.География пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.1994 ж

2.Қазақстан геграфиясына қосымша оқу құралы: «Туған жер табиғаты». 1994 ж.

3.География және табиғат журналы.№2. 2003 ж.№3,4 2004 ж. №3 2006 ж. №6 2005 ж., 2006ж,2007 ж. №3 2009 ж.

4.Химия,биология және география журналы. №2. 1998 ж №5,6 1999ж 6 2000 ж

5.Республика ұстаздары газеті. 15.02.2005ж

6.Геогрфия пәніне 6-7 сыныптарға арналған плакаттар. 2007ж.

7.«Жас өркен» газетінде үзбей жарияланады.

8.Физикалық география, 6 сынып. Дидактикалық материалдар 2010 ж.

9.«Алматы ұстазы» журналы 4 2010 ж.

10.Жалпы білім беретін орта мектептердегі 8-10 сыныптар үшін туристік өлкетанудан элективті курсты оқыту бағдарламасы. 2010 ж.

11.Жалпы білім беретін орта мектептердегі 8-10 сыныптар үшін туристік өлкетанудан элективті курсты оқыту бағдарламасы. 2010-2011ж.

12.Тәрбие құралы 3 2010,1 2011 ж.

XXI ғасырдағы география сабағы бізден жаңа дәуірдің экологиялық- туристік міндеттеріне сай еңбек етіп, оқушыларға әлемді танып, сақтауға бағыт-бағдар беруді талап етеді.