Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Үржігітова Гүлзина Әбенқызы

 

Үржігітова Гүлзина Әбенқызы

1991 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. 1992-1994 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Гүлзина Әбенқызының ұстаздық бейнесін оның шәкірттерінің және өзінің шығармашылық табыстары құрайды.

1999 жылы І Республикалық понорамалық сабақтар байқауына қатысып, бас жүлдені иеленген. Байқауда өз зерттеу тақырыбын ұтымды қорғап, үлгілі сабақ үлгісін көрсетіп, Республикалық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

2005 жылы «Алматы жыл мұғалімі» байқауына қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Байқау барысында «Білім үстемділігінен нәтижеге бағдарланған құзіретті білімге көшу» тұжырымдаманы ұтымды қорғап, байқау талабына сәйкес барлық кезеңдерден ерекше байқалып, «Ұстаздық еткен жалықпас» атты номинацияны иеленді.

 

2006 жылғы Білім Департаментінің бұйрығына сәйкес (№297) шығармашыл ұстаз ретінде қала әкімінің үстеме сыйақысы тағайындалу құрметіне ие болды.

2007 жылы АҚМБЖ және ҚД институтының жанынан жарық көрген «Алтын қор» атты кітапта іс-тәжірибесі жарияланды.

2007 жылы АҚМЖБ және ҚД институтының Бастауыш білім кафедрасының ұсынысымен ұстаздың тәрбие жұмыстарының үлгілері «Патриоттық және адамгершілік тақырыбындағы тәрбие сағаттары» кітабына енді.

2006 жылы ҚР Ғылым және Білім министірлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазіргі мектеп және иновациялық технология» тақырыбындағы ғылыми – практикалық конференцияда «Алматы жыл мұғалімі» клубының мүшесі ретінде баяндамада жасады.

2007 жылы «Microsoft» біліміндегі серіктестігімен және Алматы білім Департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Ақпараттық технология және жаңа педогогикалық ұстаным» атты қалалық фестивальға «Өз жұлдызыңның жарқырауына жәрдем ет» атты командалық жоба ұсынып, жоба үлгілі деп танылып, жинақ кітапта жарық көрді.

Алматы Білім департаментінің 80-жылдық мерейтойына орай шыққан «Алматының күміс қоңырауы» атты кітапқа, Республикалық «Ғылым баспасынан жарық көрген» «Лучшие люди Казахстана» кітабына шығармашыл ұстаз ретінде енді. 2000-2009 оқу жылдары аралығында гимназия жанынан құрылған «Балауса» демалыс және сауықтыру лагерінің басшысы қызметін атқарып, жинақты әрі қызықты ұйымдастыру шеберлігі бағаланып, Алматы қалалық Білім басқармасының мақтау қағазымен бірнеше рет марапатталды. 2011 жылы «Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны –инновациялық технологияны пайдалану арқылы жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру» атты қалалық семинарда қала директорларына «Мастер-класс» үлгі тәжірибесін көрсетті.

Бұл жетістіктер Үржігітова Гүлзина Әбенқызына оның өз өмірін түгелдей жас ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, қажымай-талмай үнемі жаңа ізденістер жасап, шығармашылық іс-әрекеттер және батыл тәуекелдікпен тынымсыз еңбек етуінің нәтижесінде келді. Ұстаз отандық және шетелдік озық тәжірибе мен педагогикалық жаңашылдықтарды үзбей оқып зерделейді және оларды толымды түрде я элемент түрінде өз тәжірибесіне лайықтап бейімдеп қолданады. Қазіргі инновациялық және интерактивтік оқытуды алғашқылардың бірі болып жүзеге асырып, өз практикасынна электрондық құралдар мен бағдармаларды берік енгізіп, оқу-тәрбие сапасын арттыруда өзге әріптестеріне үлгі болуда.

Гүлзина Әбенқызының оқушылары білім, білік, дағдылары тиянақты қалыптасқан, шығармашыл оқудың машықтарын меңгерген, өз бетінше білім жинау қабілеті бар, жауапкершілігі мен талапшылдығы жоғары, рухани биік, адамгершілігі мол, бәсекелік рухқа бейім, шешімшіл әрі тәуекелшіл қасиеттерді бойына сіңірген болып ерекшеленеді. Шәкірттерінің білім сапасы әдетте жоғары көрсеткіште болады. 2006 жылы ақпан айындағы Қалалық Білім Департаментінің жанынан құрылған «Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру шаралары» атты тексеріс қортындысында ұстаз шәкірттері математика пәні бойынша –89%, қазақ тілі пәні бойынша –90% білім сапасын көрсетті. Ұстаз оқушылары Салих Әкежан «Кенгуру» Халықаралық математикалық сайыста 1-орын, Бекжанов Санжар 2- орынды иеленді. 2004-жылы Оқушылар Сарайында ұйымдастырылған «Табиғат жанашырлары» атты интелектуалдық сайыста сынып командасы жүлделі 2- орынды иеленді.

Үржігітова Гүлзина Әбенқызы «ҚР Білім беру ісінің озық қызметкері».

ҚР Педагогика ғылымдары академиясының Құрметті мүшесі.