Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы


Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы


Білімі: жоғары, 1993ж. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, физика факультеті (үздік диплом) (квалификациясы: физик, оқытушы). 1995 ж. - Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы, бизнес және менеджмент факультеті (квалификациясы: экономист).

Ғылыми дәрежесі және атағы: Экономика ғылымдарының кандидаты (2011ж.), «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1997ж.), «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі (2009ж.), «Жаңашыл ұстаз» атағы (2010ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2011ж.).

Қайратбек Хамзаханұлының әр жұмысы білім беру мазмұнын шығармашылықпен байытуға, оқу бағдарламаларындағы оқушылар біліктілігіне қойылатын талаптарды сапалы орындауға, жаңа оқыту технологияларын тиімді пайдалануға, жұмыс әдістері мен формаларын жүйелі қолдануға, өзін-өзі басқару мен бағалауға негізделген. Ізденімпаз ұстаздың әр түрлі әдіс-тәсілмен өткізген сабақтарын қала, аудан, республикадағы әріптестері көріп, ұстаздың шығармашылығымен етене танысып жоғары бағалап жүр. Тәжірибелі ұстаздың оқу кабинеті қазіргі талапқа сай, сабаққа және сабақтан тыс мезгілде оқушы танымын, білімін арттыратын электрондық-ақпараттық құралдармен, дидактикалық материалдармен, практикалық-тәжірибелік техникалық жасақтармен және көрнекіліктермен жабдықталған.

Теориялық білімді практикамен тиімді ұштастырады. Өзінің шәкірттерінің біліктіліктерін қадағалап, зерттеп, мониторингілеп, жинақтап, жүйелеп, даму траекториясын анықтап, тиісті түзетпелер жасап отырады. Соның нәтижесі деп, – соңғы үш жылда ҰБТ-ң қорытындысы бойынша оқушыларының білім сапасы – 100% сапалық көрсеткішке қол жеткізгенін айтуға болады.

Қайратбек Хамзаханұлының шығармашылық және ізденушілік зерттеу тақырыбы: «Қазақстандық білім жүйесінде білім сапасын арттырудың негізгі құралы ретінде ақпараттық телекоммуникациялық технологияны қолданып жетілдіру ерекшеліктері». Алматы қаласы Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты ұйымдастырған қала мектептерінің физика, экономика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдеріне арналған курстарда, педагогтардыңтамыз конференциясында«Ақпараттық-коммуникациялық технология – педагогикалық ғылымдағы жаңа бағыт», «Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану әдістемесі», «Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық», «12 жылдық білім беру жағдайында білім беру мекемелерінде халықаралық экономикалық бағдарламаларды қолдану», «Экономика негіздері және қаржылық сауаттылықты оқытудағы интерактивті әдістер», «Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты дағдыларын қалыптастыру» т.б. с.с. тақырыптарында дәрістер мен баяндамалар оқиды.

30.11.2010 жылы 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару (қызмет салалары және түрлері бойынша) мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасында телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығының қалыптасуы мен дамуы: жүзеге асыру механизмі» тақырыбында диссертациялық жұмысты қорғады (жетекшісі ҚР БҒМ ҒК ЭИ директоры, э.ғ.д., профессор, ҚРҰИА академигі Сәбден Оразалы).

Ізденімпаз ұстаз – АҚШ-тың Экономикалық Білім беру жөніндегі Ұлттық Кеңестің (халықаралық) тренері, «Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы» бағдарламасы» мен «Менеджмент және экономикалық модельдеу», «Титан», «Банктер іс-әрекеттер барысында» Junior Achievement Worldwide халықаралық бағдарламалары бойынша әдіскер-мұғалім, Қазақстан Республикасының Конституциясын оқытуға арналған оқу-көрнекілік таблицаларының, «Физиканы оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» бағдарламасының, «Физикадан тест тапсырмаларының», Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Қолданбалы экономика» бағдарлы және қолданбалы элективті курс бағдарламасының (жаратылыстану-математика бағыты, 10-сынып) және 25-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.

Қайратбек Хамзаханұлы 2009 жылы ҚР білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогтарының «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар, ол мұғалімдер арасында өткен «Экономика мен менеджментті модельдеу» атты республикалық байқаудың жеңімпазы (ІІ орын, 2009ж.) атанды.

Шадиев Қайратбектің шәкірттері аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатысып, жоғары жетістіктерге жетіп жүр.

Атап айтқанда, аудандық және қалалық олимпиада жүлдегерлерінің саны – 27 оқушы. Республикалық олимпиада жүлдегерлері: Мұқанбетқалиев Батыржан (ІІІ орын, 2007ж.; 2008ж.), Сатылған Ержан (ІІІ орын, 2007ж.), Сейткерей Ерлен (ІІІ орын, 2008ж.), Байбатыров Айдар (І орын, 2009ж.), Қанен Абылайхан (IV орын, 2010ж.) республикалық жылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары: Жалмағанбет Төрехан және Ізбасарұлы Нұр (ІІ орын, физика, 2010ж.), Айдаров Ернат және Байбатыров Айдар (ІІІ орын, экономика, 2010ж.), Әкежанова Нұрдана (ІІІ орын, экономика, 2010ж.), Ерназаров Берік және Есенгельдина Құндыз (І орын, экономика, 2011ж.), Қамбатыров Арслан және Мукашева Балжан (ІІІ орын, физика, 2011ж.), Ізбасарұлы Нұр және Тоқтархан Диас (ІІІ орын, техника, 2011ж.). Сонымен қатар, Аханов Темірлан және Елшібеков Халықбек - «Зерде» VІ республикалық балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауының жеңімпаздары (ІІ орын, физика, 2011ж.), ал Сламхан Рүстем, Жақсымбетов Ерболат, Түгелбай Алдияр, Мареков Әлішер, Құрманғалиев Нұрдәулет - оқушылардың І-ші Республикалық астрономиялық турнирінің ІІ орын иегерлері (ІІ орын, астрономия, 2010ж.).

Сондай-ақ, Нұрлан Ернар, Хаметов Асхат, Есенгельдина Құндыз, Жалмағамбет Олжас Грецияның Халкидики қаласында өткен «Интеллектуалды марафон–2010» халықаралық олимпиада жүлдегерлері (ІІ орын, физика, 2010ж.), Ардақов Мақсат – Ресейдің Пущино қаласында өткен астрономия мен ғарыш физикасы бойынша Орталық Ресейдің IV ашық олимпиадасы – XLVI ҰҒО олимпиадасының жеңімпазы (ІІІ орын, 2011ж.), Ардақов Мақсат, Атарбай Мұратбай, Бекенова Балжан, Оразалы Гаухар оқушылардың VI халықаралық-Ресей астрономиялық турнирінің (Ресей, Пущино) жеңімпаздары (ІІІ орын, 2011ж.).

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі шығармашылық еңбегі үшін Алматы Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының Құрмет грамоталары; Алматы қаласы Білім Департаментінің Құрмет грамоталары; «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының Құрмет грамоталары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қайратбек Хамзаханұлыоқушылардың, педагогикалық ұжымның арасында беделді, тәлімгер ұстаз.

 

 

Похожие публикации:

21 февраль 2013 Доска почета