Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Сайдикеева Сәуле Ильясқызы

Сайдикеева Сәуле Ильясқызы -  1992 жылдан бері Алматы қаласындағы №159 гимназияда еңбек етіп келе жатқан -Сайдикеева Сәуле Ильясқызы – ағылшын тілінің маманы ретінде оқушылардың шет тілін меңгеруіне шығармашылық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай білім беріп келе жатқан ұстаз. Ол сараланған, терең ойластырылған жүйені берік ұстанады. Ұстаздың ұстанымы: ақпараттық технологияны қолдану – нәтижеге бағдарланған оқуда тілді меңгертудің басты шарты.

 

Мақсаты: тілді оқытудағы нәтижеге бағытталған ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігін көрсету.


Сайдикеева Сәуле – әлемдік білім кеңістігіне еркін енген және оқушыларын да әлемдік білім кеңістігінің құндылықтарымен табыстырып, қанықтырып, өз пәні бойынша олардың әлем деңгейіне жетулерін межелеп және оған қол жеткізіп те жүрген ұстаз.

Сайдикеева Сәуленің шығармашылық тәжірбиесі аудан, қала. республика, әлем көлемінде танымал. 2005жылы 24 наурызда Астана қаласында Білім және ғылым министрлігі үйымдастыруымен өткен республикалық «Жаңашыл мұғалім» байқауында жүлделі 1- орынды иеленді. Сол жылы Швецияның Стокгольм қаласында шақырылған білім берудегі инновация мәселесі бойынша бүкілдүниежүзілік форумға қатысып, «Әлемнің жаңашыл мұғалімдері» кітабына еніп, қатарына қосылып қайтты.

Оның 1998 жылы Қазақстан баспасөз тілшілеріне арнап «ашық есік» ұйымдастырылды, сонда «Қазақстан-2030» үлгі сабағын өткізді, 1999 жылы Финляндия оқу министрінің Алматыдағы сапары кезінде» «Достық туы желбірейді» және «Жаңа технология-ағылшын тілі сабағында» атты тақырыптарда көрсеткен ашық сабақтары – бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарының жаңару заманына батыл қадам басып келе жатқандығының дәлеліретінде бағаланды.

2000 жылы 20 қазанда Варшава қаласында ОБСЕ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген Бүкіләлемдік жобада Сәуле Ильясқызының Ыбырай Алтынсарин атындғы №159 гимназия және оның мектепішілік газеті»Жас өркен» туралы дайындаған ағылшын тіліндегі презентациялық видеотаспасы өте жоғары бағаланып, Вена қаласындағы ОБСЕ ұйымынан Алғыс хат алды.

Сайдикеева Сәуле ұстаздық қызметпен қатар ғылыми жұмыстармен де шұғылданады. Ол Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы қызметкерлерімен «Орта мектептердің жай сыныптарында шет тілдерін оқыту және білімдерін тест арқылы тексеру» атты еңбекті бірлесіп жазды. Сонымен қатар Сәуле Ильясқызы – 10-11сыныптарға арналған «Ағылшын, неміс, француз тілдері (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептер үшін)», 10-11 сыныптарға арналған «Ағылшын, неміс, француз тілдері (жалпы білім беретін мектептер үшін)» бағдарламаларының авторларының бірі. Сәуленің 5-6 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарына берген сараптама пікірі академия ғалымдарынан қолдау тауып, оқулықтар шығару кезінде сын ескертпелері ескерілді.

Сайдикеева Сәуле өз білімін үнемі жетілдіріп отырады. Осы орайда Англия елінде 1995 жылы бір айлық, 1996 жылы үш апталық, 1997 жылы бір айлық оқу курстарында өз шәкірттерімен бірге болып, шәкірттері де, өзі де жоғары дәрежелі сертификаттармен оралды.

1996 жылы тәжірбие алмасу мақсатында» Алматы-Туссон бауырлас қалалар» комитеті арқылы Америка Құрама Штатының Аризона штатындағы Туссон қаласында бір ай болып қайтты. Осы Туссон қаласының мэрінің қолынан «Тусон қаласының құрметті азаматшасы» деген атақ құжатына ие болды.

Сәуле Ильясқызының білім беріп жүрген шәкірттері аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. 1998 жылы Ахтанова Мерей, Кенжебаев Аян аудандық, қалалық олимпиадаларда 1-2-орын, 2000 жылы Байнатова Балнұр аудандық, қалалық олимпиадаларда 1-орын, республикалық олимпиадаларда 4-орын иеленді. 2002 жылы Кейкібаева Әлия аудандық, қалалық олимпиадаларда 2-орын, республикалық сайыста 3-орын иеленді.

2001 жылы 29 қаңтарда Тұрсынханова Малика Непал елінің астанасы Катманду қаласында» Спайн бэблер» ұйымы ұйымдастырған Бүкіләлемдік сайысқа қатысып, жүлдегер атанды. Оның «Таулар әлемі» атты шығармасы әлемнің 20 елінде таратылатын «Жас білгірлер» кітабына еніп, Интернет желісі бойынша бүкіл әлемге ұсынылды. Сонымен қатар Сәуле Ильясқызынан дәріс алған Бердімұратова М., Тасмағанбетова С., Бимурзин Н., Ерғалиева Б., сияқты оқушылар 2000 жылы ТАSIS бағдарламасы бойынша Швецариядағы Америка мектебінде болып, өздерінің ағылшын тіліндегі білімдерінің терең екендігін көрсетті. Оның дәлелі – мектептің директоры Розальба Скарпеттадан мектепке келген алғыс хаттар.

2010 жылы Кипрда өткен халықаралық олимпиадада ұстаздың дайындаған шәкірті Әбілхакім Айнұр 1орынды иеленсе, 2011жылы Прага қаласында өткен халықаралық ғылыми жоба сайысында оқушысы Қуандықова да 1орынды иеленіп қайтты.

Сайдикеева Сәуле Ильясқызының жаңашыл еңбегі республикалық марапаттарға ие болған: «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» -1998ж», Қазақстан Респуликасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»-2005жыл.

 

Похожие публикации:

21 февраль 2013 Доска почета