Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2013

Дүйсебаева Бақытжамал


Дүйсебаева Бақытжамал №159 гимназияда 1991-1992 оқу жылынан математика пәні мұғалімі қызмет істеп келеді. Ол – өзінің терең теориялық білімін практикамен ұштастыра алатын, оқытудың жаңа техналогияларын сабақтарында жан-жақты пайдаланатын, ақпараттық технjлогияны жетік меңгерген жоғары біліктілік санатты ұстаз. Сабақтарында Қараевтің «деңгейлеп оқыту» әдістерін қолдана отырып, жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін, әсіресе оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, халықтық педагогика элементтерін шебер пайдаланады.
Дүйсебаева Бақытжамал - математика пәні бойынша қалалық шығармашылық топтың мүшесі. Ол қала көлемінде, ауданда бірнеше дүркін ашық сабақтар беріп, әріптестеріне өз іс-тәжірбиесін таратып, жоғары бағаларға ие болған. Алматы қаласы математика пәні мұғалімдерінің тамыз маслихатында 2007 жылы «Оқушылардың математикадан жан-жақты білім деңгейін жетілдіру» тақырыбы бойынша жасаған баяндамасы әріптестері тарапынан зор қолдау тапты және қала көлемінде іс-тәжірбиесі таратылды. «Математика пәнінен жаңа технологияны пайдалану» атты республикалық ғылыми теориялық конференцияда «Таңбалары әр түрлі сандарды қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, іс-тәжірибесін ортаға салды. Сабағы өте жоғары бағаланды. Сонымен бірге Алматы қаласы Білім жетілдіру институты ұйымдастырған ғылыми конференцияда «Ғылымға әркімнің -ақ бар таласы» тақырыбында баяндама жасап, пәннің ерекшеліктерінің ооқушыларға жеткізу тәжірибесіндегі жңашылдықтарды айрықша дәлелдеп көрсете білді.
Ұстаз өзінің тұжырымды пікірлерін баспасөз беттерінде жариялап, әріптестерімен ой бөлісіп отырады. Мәселен, 8-сыныпқа арнап құрастырған тест есептері «Мөлдір бұлақ» журналының бірнеше санында жарық көрді. «Математика және физика» журналдарында «Математиканың ішкі байланыстары», «Пәнаралық байланысты жетілдіру», «Модуль таңбасымен берілген сызықтық функцияның графигі» атты мақалалары жарық көрді.
Оқытқан шәкірттері арасында аудандық, қалалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүргендерін көптеп айтуға болады. 9-сынып оқушысы Салих Әкежан бірнеше дүркін аудандық, қалалық олимпиада жүлдегері атанса, Нұрлан Ернар аудандық, қалалық ғылыми жобаны қорғаудан жүлдегер болды. Республика көлемінде өткен «Ақ бота» конкурсында оқушылары Спанова Махаббат, Отарбаева Жұлдыз, Нұрбекова Жұлдыз математика пәнінен озып шықты, халықаралық «Кенгуру» ойын-сайысында Дәулетов Әбділда, Жалмағамбетов Төрехан, Түгелбай Алдияр дипломдармен марапатталды. Математика пәнін насихаттау, дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткен республикалық «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайыста Бақытжамал дайындаған топ мүшелері I-орынды жеңіп алды және аудандық Білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды. Оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді жолдарын пайдалана отырып, жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Атап айтқанда, дайындаған оқушылары 84% сапалық көрсеткішке жеткені үшін Алматы қаласы әкімшілігінің ақшалай сыйлығына ие болды. Әр жылдарда мектеп бітірген шәкірттерінің бірнешеуі «Алтын белгімен» марапатталса, көптеген шәкірттері шет елдерде білім алып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызметтер істеуде.
Дүйсебаева Бақытжамал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде 2000 – 2011 жылдарда мектептегі тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылуына жан-жақты бағыт беріп, басшылық жасады. Сынып жетекшілеріне үнемі әдістемелік көмек көрсетіп, семинарлар ұйымдастырып отырды. Осы күнгі заман талабына сай тұлғаны қалыптастыруда тәрбиенің озаты мен озығын ұсынды. Сынып сағаттарының түрленіп өтуіне баса көңіл аударды. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі мен әлеуметтік-қоғамдық қазіргі талаптардан туындайтын тәрбиені салыстыра, сабақтастыра жүргізуге бағыттады. Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысының мемлекеттік кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектеп тәжірибесінде тәрбие салаларының барлығының да қамтылуын қадағалап, орындалуын қамтамасыз етті. Гимназияда атаулы күндерге арналған салтанатты жиындар, кездесулер, кештер, жарыстар, дөңгелек стөл, апталықтар, айлықтар үзбей ұйымдастырылды. Алматы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін аудандық, қалалық тәрбиелік сайыстарда гимназия оқушылары алдыңғы жүлделі орындарға ие болды. Мысалы: «Баршаға ортақ қол жетімділік» тақырыбында СПИДке байланысты өткен аудандық, қалалық сайыста Бас жүлдеге ие болып, мақтау қағазы және бағалы сыйлықпен марапатталды; «Салауатты өмір салты» (ЗОЖ) орталығының ұйымдастыруымен өткен «Здоровая школа» Республикалық сайыстан III-орын; нашақорлыққа, есірткіге қарсы насихат мақсатындағы Республикалық сайыста II-орынға ие болды; «Қыз елдің көркі» бағдарламасы негізінде өткізіліп тұратын «Алматы аруы-2008» сайысында Искакова Т. Бас жүлдеге ие болса, 2011 жылы 20 қызбен қалалық сайысқа түскен Санбаева Әсел «Алматы аруы -2010» жарысында III-орынға ие болып, мақтау қағазына және бағалы сыйлыққа ие болды.
2009 жылы Алматы қаласының мектептері арасында өткен «Бәсекеге қабілетті 50 мектеп» конкурсында гимназияның бас жүлдені жеңіп алуында тәрбие жұмысындағы табыстар негізі бір көрсеткіш болды. Гимназияда ИДН- да есепте тұратын оқушының жоқтығы - тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылуының нәтижесін аңғартады. Мектеп ата-аналармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді. Әр жанұя зерттелген. Жетім, жартылай жетім және жағдайы төмен отбасыларына тиісті қолдаулар ұйымдастырылады. Көп балалы жанұяларды да қамқорлыққа алып, балаларын әр түрлі сауықтыру демалыс орындарына, әкімнің және Елбасының шыршаларына жіберіп отырады.
Дүйсебаева Бақытжамал бірнеше жыл қатарынан математика пәнінен аудандық олимпиадада әділ қазылар алқасының мүшесі болды. Озат ұстаз ретінде 2009 жылы шыққан «Республиканың үздік ұстаздары» жинағына енді. Дүйсебаева Бақытжамал – әріптестерінен үнемі көмегін аямайтын, жас ұстаздарды қанаттандырып, оқу-тәрбие ісінде дұрыс жолға бағыттай білетін қамқор жетекші. Ол педагогикалық ұжымда ерекше беделді.
Дүйсебаева Бақытжамалдың қажырлы жаңашылдық еңбегі тиісінше марапатталған. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Білім министірлігінің Құрмет грамотасын алды. 1994 жылы ол – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісі иегері. 2000 жылы Қазақстан мұғалімдерінің 2- съезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз қолымен Дүйсебаева Бақытжамалға екі бөлмелі пәтер кілтін сый етті. Бұл – Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы қарсаңы еді. Ал 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ел игілігіне сіңірген еңбегі үшін оған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Алтын Алма» белгісін тапсырды.
Дүйсебаева Бақытжамал өз біліктілігін арттырып отырады: ол соңғы жылдардың өзінде бірнеше курстардан өтті: «Білім беру технологиялары (12-жылдық білім беруге көшу жағдайында зерттеу және эксприменттік жұмыстарды ұйымдастыру)», «Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу және олимпиадалық есептерді шығару әдістемелері», «ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылық»,,«Тәрбие жүмысының әдістері мен түрлерін жетілдіру» т.б.

Похожие публикации:

21 февраль 2013 Доска почета
21 февраль 2013 О гимназии