Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Оспанова Мейрамгүл Қабылбекқызы

 

Оспанова Мейрамгүл Қабылбекқызы


Оспанова Мейрамгүл Қабылбекқызы – химия пәнінің мұғалімі,

Мейрамгүл Қабылбекқызы 1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. Білім министрлігінің жолдамасымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының химия ғылымдар институтына қызметке келіп, 1980-1999 жылдары академик Шарбан Батталқызы Батталова жетекшілігімен табиғи сорбенттер және катализаторлар зертханасында жемісті еңбек етті. Химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі үшщін диссертациялық зерттеуін табысты қорғады. Мейрамгүл Қабылбекқызы академик Шарбан Батталовадан ғылым мектебінен ғана емес, үлкен тәрбие, өнеге мектебінен де өткенін үлкен ілтипатпен еске алады.


М.Қ.Оспанова 1999 жылдың қыркүйегінен №159 гимназияда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен айналысып келеді. Мұғалімнің өз сабағында оқытудың жаңа технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, оны ғылыммен үйлесімді ұштастыра білуі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ұстаз пәнаралық байланысты, интеграциялық оқытуды жүзеге асыруда едәуір тәжірибе жинақтаған.

Мейрамгүл Қабылбекқызының шәкірттері – аудандық, қалалық пәндік олимпиада жүлдегерлері. Шәкірті Серғалиева Садия 2011 жылы оқушылардың ғылыми жобасының қалалық, республикалық сайыстарының ІІ орын иегері болды.

М.Қ.Оспанова – оқулық, оқу құралдары мен бағдарламалар авторы. Атап айтсақ: «Мектеп» баспасында 2010 жылы жарық көрген 12 жылдық мектептің 8 сыныбына арналған химия оқулығы, әдістемелік нұсқау, дидактикалық материалдар, 8-11 сынып оқушыларына арналған химиядан өзіндік жұмыстар.

Мейрамгүл Қабылбекқызы – дарынды балаларға арналған білім ұйымдары педагогтарының «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері. Ол аудандық, қалалық білім басқармасының мақтау қағаздарымен, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталған.