Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Жақыпова Майра

 

Жақыпова Майра

Жақыпова Майра – мектеп хореографы, ол қыздар педагогикалық институтының хореография бөлімінін бітірді. Институттың жанынан құрылған «Айгүл» ән-би ансамблінің белді мүшесі болды. Ансамбль құрамында бірнеше дүркін халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.

1999 жылдан бері Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияда сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысымен айналысып, өнерге деген шығармашылық көзқарасымен, жаңашылдыққа талпынысымен, дарынды ізденімпаздық адал еңбегімен, шәкірттерінің арманды табыстарға қол жеткізуімен жеткілікті дайындығы бар маман екенін дәлелдеп келеді. «Жауқазын» бишілер тобының үздіксіз тәлімшісі болып қызмет етуде.

Жақыпова Майра қазақтың ұлттық өнерінің бірі, әрі бірегейі – би өнерінің дамуына өз үлесін қосып, болашақ жас ұрпақты осы өнерге баулуда қажырлы еңбек етуде. Ұстаз өзінің білімділігімен, іскерлігімен, ізденімпаздығымен, би қойылымдарын дайындаудағы тапқыр шығармашылығымен ерекшеленеді. Балалардың биге деген құштарлығын дамыту үшін әр-түрлі көрнекіліктер мен құралдар, соның ішінде қамшы, торсық, гүлдер, домбыра, кесе, доптар пайдалана отырып, шеберліктерін шынайы көрсетуге дағдыландырып жүр.

Барлық мереке-мейрамдарда, сонымен бірге дәстүрлі жылда болатын 1 - сынып оқушыларының «Қош бол, Әліппем», 4 - сынып оқушыларының «Білім кілті-бастауыш» атты бастауыш сыныптармен қоштасу салтанаттарында және түрлі тәрбие сағаттарында, балалардың жалпы ұжымдық, топтық және жеке даралық би өнерін көрсету арқылы олардың таланттарын ашып, ата-аналардың алғысына бөленіп жүр. Мысалы, 2010-2011 оқу жылы 4 сыныптың 60 оқушысына бірдей «Қара жорға» биін меңгертіп, оны сахналап, мектеп мерейін көтеріп, ата-аналарды қуантып тастады.

Осы жылдар ішінде «Әнші балапан», «Әнші болғым келеді», «Балауса», «Медеу фестивалі», «Айгөлек» телевизиялық балаларға арналған хабарларда «Жауқазын» бишілер тобының өнері республикаға үлгілі тәжірибе ретінде таратылып, арнайы көрсетілді. Сонымен бірге №159 гимназияның оқушыларының «Жауқазын» би тобы жүзден жүзден жүйрік шығып, «Ғасырлар пернесі» фестивалінің, «Ғұмырдария» фестивалінің, «Жас талант» республикалық фестивалінің лауреаты атанды.

№159 гимназияның бұл дәстүрлі өнер тобы сондай-ақ қазақ билерін дамытудың бірінші қалалық байқауында 1- орын, екінші қалалық ұлттық билер байқауының Гран-При жүлдегері болды. Және де аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, бас жүлде, I орын, II орындарға ие болып, өзінің табыстылық дәстүрінен бір де ауған емес.

Жақыпова Майра «Қазақ халық биі» саласы бойынша би өнерін жас ұрпаққа үйретуде ерекше ықылас танытып, белсенділік көрсеткені үшін қалалық Мәдени саясат және өнертану саласы басшылығынан көптеген алғыс хаттар алды. Ол – өзінің жеке шығармашылық жұмысында «Ақ көгершін» халықаралық конкурсының дипломанты. «Жарқын жол» телевизиялық фестивалінде жеке өнерімен I орын алып, жеңімпаз атанды.

Ізденімпаз ұстаз әріптестері арасында, ата-аналар мен шәкіртерінің алдында іскерлігімен, ұстаздық мәлениеттілігімен беделді.