Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Ахметова Сәуле Мұратбекқызы

 

Ахметова Сәуле Мұратбекқызы

Ахметова Сәуле Мұратбекқызы Қызылорда қаласындағы №11 орта мектепте ұстаздық жолын бастады. Жас ұстаз еңбек жолының алғашқы жылдарында-ақ терең білімімен, іскерлігімен шәкірттері мен ата-аналарының ризашылығына бөленді.

2000 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің Қызылорда қаласында өткен І олимпиадасына қатысып, ғылыми-теориялық білімділігі мен өз тәжірибесінде оқытудың жаңа технологиясын шебер көрсете білгендігі үшін қаладан бас жүлдені, облыстан ІІ орынды иеленді.

Республикалық семинарда іс-тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар берді. Облыстағы «Үздік аттестат», «Үздік куәлікке» үміткер оқушылардың емтихандық жазба жұмыстарын тексеру комиссиясына мүше болған. Осындай жұмыстарының нәтижесінде облыс әкімінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» толуына орай еліміздің болашақ иелерін оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін алғыс хатымен, қалалық білім бөлімінің, облыстық білім бөлімінің, облыстық білім департаментінің мақтау қағаздарымен марапатталған.


№159 гимназияда 2003 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Ол оқушыларға қазақ тілінің көркемдік қуаты мен ұлттық мағыналық бай нәрін жеткізіп, туған тілге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімдерін қалыптастыруда тынбай шығармашылықпен еңбектеніп келеді. Тіл білімі бойынша ана тілінің фонетикалық заңдылықтарын, лексико-гарамматикалық байлығын, орфоэпиялық-орфографиялық құбылыстарын, стильдік ерекшеліктерін терең меңгереді. Ал қазақ әдебиетін оқу барысында шебер ұстаздың шәкірттері ой мен сезім бірлігін пайымдап, бойларына сіңіре отырып, өз бетінше сыни ойлау тұрғысынан олардың құндылықтық бағасын анықтап, идеялық мәндерін айқындап, авторлық көркемдік шешімдерге жеке пікірлерін білдіріп, төл тұжырымдар жасау жолымен әрбір көркем туындының жапсарлас авторына айналады. Бұл айтылғандар Сәуле Мұратбекқызының білім стандарты мен оқу бағдармаларының талаптарының ішіндегі басымдықтарын жіті аңғарып, оларды шығармашылықпен жоғары сапада орындауға қол жеткізетінін көрсетеді. Мұғалім дамыта оқыту технологиясында пәнаралық байланыстың жүйелі ойлауға септік ететін тұстарын зерттеп, әдістемелік тұжырымдарын өз тәжірибесіне енгізеді. Оқушыардың сөйлеу мәдениетін арттыруға ерекше мән береді.

Жаңалыққа жаны құмар мұғалім мектепішілік педагогикалық, әдістемелік кеңестерде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, дарынды оқушылармен жұмыс т.б. тақырыптарда баяндамалар жасап, өз ізденістерімен бөлісіп отырады. Оның «Буын», «Қозыкүрең», «Антонимдер», т.б. тақырыптардағы ашық сабақтары дамыта оқытудың сәйкес келетін идеяларын пайдаланудың үлгісі ретінде әріптестер тарапынан қолдау тапты. «»Қазақ тілі мен әдебиетінің оқыту сапасын арттыру – бүгінгі күннің талабыә аатты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Әдебиет сабағында оқушының ойлау белсенділігін арттыруда интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі» деген тақырыпта семинар-тенинг өткізді. Сәуле Мұратбекқызының оқу және тәрбие саласындағы ашық сабақтарының үлгілірі баспасөз беттерінде жарық көріп жүр.

Әрбір оқушының қызығушылығын арттыру арқасында олардың білім сапасының да жоғары болуына қол жеткізеді, ол сабақ беретін сыныптарда өз пәні бойынша білім сапасының көрсеткіші – 85-90 пайыз. 2006-2007 оқу жылында шәкірті Дәулет-Қожа Әсел аудандық Абай оқуларында «Көркем сөз» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты қалалық оқушылар шығармалары байқауында шәкірті 10 сынып оқушысы Сманова Махаббат бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауда ІІІ орын алды.

Сәуле Мұратбекқызы тәрбие жұмысын ізденістермен жүргізеді. Оның «Көшеде сақ бол»,»Алматым – алтын бесігім», «Имандылық – инабаттылық айнасы» тақырыптарындағы сыныптан тыс іс-шараларының тәрбиелік манызы зор деп бағаланды. Өзі жетекшілік ететін сыныптағы оқушыларының түрлі байқаулар мен сайыстарға, спорттық жарыстарға қатысу белсенділігін көтеріп отырады. 5-сынып оқушысы Ықсанова Аружан «INTELEKT» қосымша білім ұйымының ұйымдастырған ағышын тіліндегі шығармалар сайысында арнайы сертификатпен марапатталды. Марданова Алтынай шахматтан аудандық, қалалық жарыстарда І орын алса, Рамазан Ердәулет теннистен ауданда І орын, қалада ІІ орын иеленді. Ал Нұрлан Ердәулет футболдан Алматы қаласы чемпионатында «Цесна» командасы құрамында ойнап, жасөспірімдер арасыннда жүлделі ІІ орынға шықты. Сыныптағы қыздар бишілер тобы 2011 жылы наурызда Астана қаласында өткен 5 халықаралық «ААқ көгершін» конкурсында дипломант атанды.

Әдістемелік, педагогикалық кеңестерде дарынды оқушылармен жұмыс, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасап, іс-тәжірибесі ортаға салынды. Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, «Буын», «Қозыкүрең» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен ашық сабақтар өткізді, олар шығармашылық сипатымен әріптестер арасында жоғары бағаланды. Өзі жетекшілік ететін сыныпта өткізген «Қыз – өмірдің қызғалдағы», «Еңбек пен бақыт – егіз», «Біз – 21 ғасыр жастарымыз», «Алматым – алтын бесігім» атты тақырыптардағын ашық тәрбие сағаттары және сыныптан тыс жүргізген мәдени іс-шаралары тәрбиелік мәні зор деп бағаланды.

Ахметова Сәуле Мұратбекқызы мектепішілік және мектептен тыс қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, ол Ел басының Қазақстан халқына Жолдауына арналған Медеу аудандық қоғам қайраткерлері жиынында С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ балалар әдебиеті: қазіргі жағдайы және болашақтағы дамуы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде баяндама жасады. Гимназияда «Абайтану үйірмесіне жетекшілік жасайды.»

Жас ұрпаққа сапалды білім мен саналы тәрбие беруде қосқан үлесі үшін Ахметова Сәуле Алматы қалалық ҚББЖМБК және ҚД институтының Құрмет грамотасымен және Халықаралық «Ақ көгершін» балалар қорының Алғыс хатымен марапатталған.

Сәуле Мұратбекқызы – шығармашылық бейімін іс жүзінде қолданудан аянбайтын, ұстаздық еңбекке шын берілген, ізденімпаз маман.