Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Ізбасарова Гүлнар Ешмұханбетқызы

 

Ізбасарова Гүлнар Ешмұханбетқызы

Ізбасарова Гүлнар Ешмұханбетқызы 1993 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сапалы әрі тиянақты білім беріп келеді. Ол өз сабақтарында оқытуды жеке тұлғаға бағыттауды жүзеге асырып, әрбір оқушының ойлау, сөйлеу, тілдесу қабілеттерін дамытумен бірге, шығармашылыққа үйретеді. Осыған орай интербелсенді оқыту технологиясын қолданып, топтық, жұптық, жекелей жұмыс түрлерін үйлестіре ұйымдастырады. Мұнда диалог, сұқбат, дебат, пікірталас сияқты белсенді әдістер кең орын алады. Мұғалім этнопедагогика әрбір сабақтың жаны болуға тиіс деп есептейді. Көркем әдебиет шығармаларын оқуда өзінің бұл қағидасына әрқашан адалдық танытып, олардың ұлттық нәр-қуатын балаларға дарытуға тырысады. Гүлнар Ешмұханбетқызы шығармашылық тақырыбы да: «Қазақ тілі сабағында тіл мәдениетін арттыру арқылы оқушылардың өз туған тіліне сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру» деп таңдалынған.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мектепішілік, аудандық, қалалық ашық сабақтар беріп, заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісіп отырады. Сол іс-тәжірибесін тарату мақсатында республика көлемінде шығатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында: «Бала Тұрар», «Көксерек- тұз тазысы», «Сайфи Сарайдың «Түрікше Гүлстан», т.б. мақалалары жарияланды. «Сын есімнің жасалуы» тақырыбында қала бойынша семинарларда ашық сабақ берді және Атырау қаласындағы Республикалық семинарда осы мәселеге қатысты баяндама жасады.

Тынымсыз еңбекқор, білікті ұстаздың оқушылары аудандық, қалалық бәйгеде алдыңғы қатарлы жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мысалы, «Абай оқулары - 2008», «Мұқағали оқулары-2008» бәйгесінде 9 «а» сынып оқушысы Молдаханова Жанар «Жыр» номинациясы бойынша 1- орын, «Мұқағали» номинациясы бойынша Нұрмолдаев Алихан 1-орын, «Мұқағали мұрасы» номинациясы бойынша Тұңғыш Асыл 1-орын жеңіп алды.

Ұстаз өз пәні бойынша оқушылар арасында «Ана тілім – ардағым», «Сөз сөйлеу де өнер», «Ақындық-шығармашылық бастауы» атты сөз сайыстарын тартымды және қызықты етіп өткізді. Мектепішілік «Жас өркен» газетіне ай сайын оқушыларының мақалалары, өлеңдері шығып тұрады.

Гүлнар Ешмұқанбетқызының шәкірттері мектеп бітіру тестілерінде сүйікті ұстазы оқытқан қазақ тілі пәні бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. 2009-2010 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша 3 оқушы: Дәулетова Ақбота, Молдаханова Жанар, Жауғаштина Айгүлдер 120 балл жинап, биік көрсеткішпен көрінді.

Гүлнар Ешмұқанбетқызы жетекшілік ететін сынып оқушылары интеллектуалдық белсенділігімен ерекшеленеді. Олар үш тілдік (қазақ, орыс, ағылшын) бағдарламаны табысты меңгеруде. «Золотое руноға» жеті оқушысы қатысып 1-орынды иеленсе, «Кенгуру» интеллектуалды сайысқа 15 оқушысы қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды. Сондай-ақ, бүкіл сынып болып оқушылары «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Ұлы дала тектілері» атты бағдарламаға қатысып, «Хабар» телеарнасындағы «Тапқыр достар» бағдарламасының көрермен кейіпкерлері болды.

Гүлнар Ешмұқанбетқызы аудандық «Қазақ тілінің үздік мұғалімі-2010» байқауында жүлделі 3-орынды иеленді. Осы еңбегі еленіп қалалық Медеу ауданының білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталды.

1996 жылы ҚР «Білім беру ісінің үздігі» белгісін төсіне қадады.