Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Болатбаева Құралай Лекерқызы

 

Болатбаева Құралай Лекерқызы


Болатбаева Қ.Л. №159 гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі ретінде еңбек етеді. Мұғалімнің сабақ үстінде интерактивтік оқытуды қолдануы, шығармашылықпен еңбектенуі жаңашыл мұғалім тұлғасын көрсетеді. Жалпы сабақта мұғалімнің өзін оқушымен субьект-субьект қатынасында ұстауы, баламен тіл табысуы әсерлі және оқу үрдісі үшін аса қолайлы жағдай туғызады. Мәтінді тыңдау, оқу, сөйлеу, дауыстап оқу, рөлдерге бөліп оқу, мәтін негізінде қажетінше шығыамашылық әңгімелеу, түсіндіріп айту жұмыстары еркін жүргізіледі. Ол оқушылардың сөйлеу дағдыларын, лексикондарын байыта отырып, орыс дыбыстарын, екпіндерді дұрыс айтуға жаттықтырады. Бұл орайда интерактивтік тақтаны, оқытудың техникалық құралдарын пайдаланады. Оның оқушылары өлеңдерді, жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді жатқа оқып, прозалық шығармаларды көркем әңгімелейді. Тіл дамыту ісінде мазмұндама, шығармалар, жазуды кең тәжірибелейді. А.С.Пушкин ертегілері бойынша «Ертек-қиял болса да, астары бай» тақырыбында ашық қойылым өткізіп, ата-аналарды да қатыстырып, оқушылардың еркін сөйлеуіне қол жеткізу сияқты жұмыстарды көп жүргізеді. Білім сапасын арттыратын ойын-сабақ, сайыс сабақатар ұйымдастырып, қызығушылыққа жетелейді. Оқушылардың оқу материалдарын бейнелі қабылдауын қамтамасыз ету үшін өз күші мен уақытын, шеберлігін аямайды. Өз ісін беріле сүйетін ұстаз оқушыларына да өте мейірімді, сергек, тілектес, жанашыр. Әрбір балаға көмекпен қарау, қамқорлық ету – Құралай Лекрқызының басты ұстанымы.

Болатбаева Қ.Л. ғылыми-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысады. Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті бойынша оқу-әдістемелік кешендерді, магистрлық диссертацияларды, әр түрлі ғылыми әдістемелік жұмыстарды рецензиялайды. Білім беру кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары арқылы Алматы облысы және Солтүстік Қазақстан облысы мұғалімдерінің семинарларында орыс тілі мен әдебиетінің екінші тіл ретінде оқытылу мәселелері бойынша дәрістер оқып, тренингтер жүргізеді. Мектептерге әдістемелік көмек көрсетудің көп жылдық тәжірибесі және теория мен практиканың байланысының өз жұмысында жүзеге асуы, авторлық технология жасаудағы ізденістер Құралай Лекер қызының өзінің де ұстаздық тәжірибесіндегі оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижелі жетістіктерге жетуге көмектеседі. Ұстаз сабақтан сабаққа оқушы тілінің дамуын қамтамасыз ету үшін аянбай тер төгеді.

Оның «Орыс тілі –достық тілі», «Кітап оқу-ең жақсы оқу», «Жіктеу есімдіктері», «Етістіктердің бастапқы түрі» т.б. ашық сабақтары әріптестер тарапынан қолдау тапты. Ол ата-аналарды ашық тәрбие сабақтарына, онкүндіктерге шақырып отырады. Ол оқушылар, ата-аналар тарапынан ортақ ізгі істері үшін өзіне көмекшілер таба алады. Жыл сайын өткізілетін апталықтарында ашық сабақтар, жарыстар, интелектуалдық ойындар, ертегілер, шығармалар ұйымдастырады.

Мұғалімнің шығармашылық ізденістері «Қазақстан мектебіндегі орыстілі», «Қазақстан мектебіндегі әдебиет» сияқты ғылыми әдістемелік журналдарда жарияланып тұрады. Құралай Лекр қызының «Білім берудің нәтижелері ретіндегі кілттік қүұзіреттерді дамыту» атты мақаласы 2009 жылы Республикалық конкурста бірінші орынға бағаланды. Ұстаз дипломымен марапатталды.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берген еңбегі үшін Қ.Л.Болатбаева бірнеше рет ҚР Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласы, Медеу ауданының әкімшілігі грамоталарымен марапатталған.

Құралай Лекерқызы ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынас мәдениетін жоғары меңгерген, олардың ілтипатына бөленген зиялы ұстаз, тиянақтылық, жауапкершілік, іске шығармашылық пен қарау –оның өзіне тәни ерекшеліктері. Ол – ғылыми және шығармашылық әлеуметі мол жоғары біліктілікті маман, шебер ұйымдастырушы, талапшыл мұғалім.