Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Исаева Сауле Жолмырзақызы

 

Исаева Сауле Жолмырзақызы


Исаева Сауле Жолмырзақызы №159 гимназияда орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімі ретінде 10 жыл еңбек атқарып келе жатыр. Өз пәнін жетік меңгерген. Инновациялық оқыту технологияларын оқушылардың дайындық деңгейі мен ерекшеліктеріне қарай сұрыптап, идеялары мен элементтерін шебер қолданады. Әсіресе электрондық құралдар арқылы коммуникативтік оқыту әдістеріне көп жүгінеді. Оның іс-тәжірибесінде сөйлеу әрекетінің сөйлесім, тыңдалым, оқылым, жазылым сияқты түрлері кешенді орын алады. Оқушылардың тілін дамытуда таратпалы тірек материалдарын, көрнекіліктерді, айналаны тікелей бақылау әсерлерін, өмір тәшірибесіндегі мүмкін ситуацияларды, фильмдерді, т, б, дидактикалық құралдарды шығармашылықпен пайдаланып, нәтижеге қол жеткізуді мақсат етеді. Ұстаз сабағында диалог жетекші тәсіл болып табылады. Мұғалім жыл сайын оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындайды, олар жүлделі орындарға иеленіп жүр. Мысалы: 2005-2006 ж. Тоғамбаева Камилла қалалық олимпиадада – 1 орын, республикалық олимпиадада – 2 орын иеленді; 2005 ж. Жүзбаев Адам, Есімбекова Айна қалалық олимпиадада -3 орын, Байжанова Лаура -1 орын жеңіп алды; 2006 ж. Абильдинова Айкерім қалалық олимпиадада 3 орын алды; 2007 ж. Қайшыбекова Айдана қалалық олимпиадада – 1орын, республикалықта – 4 орын және Сертификат пен «Дарын» грамотасын иеленді; 2009ж. Алимбаева Балнұр ҚазҰТУ – дегі пәндік олимпиада 1 орынға көтерілді. 2011 ж. 9 сынып оқушысы Шалқар Аяулым қалалық олимпиадада – 1 орын иеленді. 2006 жылы «Ең үздік шығарма» (1986 жылғы желтоқсан оқиғаларыны байланысты) атты сайыста Стаханов Қуаныш (11 сынып)-1 орын, Байжанова Лаура (10 сынып)-2 орын иеленді. Ұстаз оқушыларының шығармалары, өлеңдері ылғи «Жасөркен», «Ұлан» баспасөздерінде басылып тұрады.

Исаева Сауле Жолмырзақызы аудандық және мұғалімдер мен әдіскерлердің қалалық семинарларына белсенді қатысады, өзі де үлгі сабақтар береді. Мысалы, ол 2009 жылы 26 желтоқсанда қалалық семинарда 8 б сыныбында «Словосочетание» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Исаева С. Ж. педагогиклық біліктілігін Алматы қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында көтеріп отырады.

Исаева Сауле Жолмырзақызы жылда аудандық пән олимпиадаларында қазылар алқасының төрайымы және орынбасары болып, олимпиаданы өткізуге белсенді ат салысады.

Марапаттары:


2007 жылы «Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің құрметті қызметкері» медалі.
Мақтау грамоталары:

 

2005 ж. «Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі шығармашылығы және жемісті еңбегі үшін», БЖПКБАИ.

2006 ж. «За высокое педагогическое мастерство, качественную подготовку к предметной олимпиаде, БЖПКБАИ.

2006ж.,2009 ж.. «Шығармашылығы және оқушылары аудандық олимпиадада жүлделі орын алғаны үшін»,_Медеу ауданы

2007 ж. За высокое педагогическое мастерство, качественную подготовку к предметной олимпиаде, БЖПКБАИ.

2008 ж. «Шығармашылығы және оқушылары аудандық олимпиадада жүлделі орын алғаны үшін»,_Медеу ауданы

2009 ж. «Тіл-барлық білімнің кілті» байқауын ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқаны үшін, Медеу ауданы

2009 ж. За высокое педагогическое мастерство, качественную подготовку к предметной олимпиаде», Медеу ауданы

2010 ж. 10 ақпан «Аудандық Олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін», Медеу ауданы.

2011 ж. 18 тамыз Алғыс хат. «Алматы қаласының білім беру саласындағы шығармашылық еңбегі үшін». БЖПКБАИ