Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Оспанова Гүлнар Қажықызы

 

Оспанова Гүлнар Қажықызы

Әрбір ұстаз өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі десек, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Оспанова Гүлнар Қажықызының да оқу-тәрбие жұмысында атқарып жүрген қызметі зор, ұрпаққа берер тәрбиесі мол ұстаз. Ол – өзіндік қолтаңбасы айқын мұғалім. Әдебиет сабағының көркемдік-эстетикалық қуатын аша біледі, онымен оқушыларды табыстыра алады. Қазақ тілі пәнінің теориясын практикалық жұмыстармен шебер ұштастырады. Әдебиет сабақтарында көркем әдебиет шығармаларының және қазақ тілі сабақтарында тілдік материалдардың ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Өзін қазақ халқының бай рухани-адамгершілік мұрасын жас ұрпаққа жеткізуші өкілмін деп сезінеді және осы ниетін адал атқарады. Ұстаз өз шәкірттерінің білім сапасын арттыруда аянбай еңбектенеді.


Г. Оспанованың оқушылары – аудандық, қалалық, Республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері, ғылыми жоба жеңімпаздары. Абай, Мұқағали оқуларының белсенді қатысушылары. Оқушылары Бастаубаева Әлия мен Орманбек Дулат қалалық олимпиадада ІІ орын алды. 11-сынып оқушысы Текебаева Әсел І орын иегері. (2004 ж). Республикалық олимпиадада 10-сынып оқушысы Орманбек Дулат жүлделі ІІ орынды иеленді.

Гүлнар Қажықызы өз тәжірибесін теориялық негіздеп, шығармашылық ізденістерін баспасөз беттерінде жариялап отырады. Олар:

-«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында: «Үндестік заңын оқыту» №3, 2003 жыл. -«Абайдың табиғат лирикасы» №3, 2004 жыл.

-«ҚазҰУ-дың 75 жылдығына орай конференция материалдарында»: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» жаңа буын оқулығы бойынша ашық сабақ үлгісі т.б.

Г. Оспанова жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер жазуға да атсалысып, біршама оқу құралдарының авторы да болған:

-«Қазақ тілі» (Шешендік өнер) дидактикалық материалдар, 2007 жыл.

-«Ұлы тұлғаларды оқыту» плакаттар. «Ш. Уәлиханов туралы деректер». -«Алтынсарин туралы деректер» «АБДИ» компаниясы, 2008 жыл.

-«Қазақ тілі» 5 және11-сынып электронды оқулық А, 2011 жыл.

Ұстаз 2004 жылдан бастап ҰБТ мен ЖОО-на қабылдау емтихандарында пайдаланылатын тест тапсырмаларына сараптама жасау бойынша шығармашылық жұмыс тобының мүшесі.

Оспанова Гүлнар Қажықызы сынып жетекшісі ретінде де үнемі тынымсыз еңбектенеді. Оның сыныбының оқушылары қоғамдық белсенділігімен, саналы тәртібімен, сапалы білімімен ерекшеленеді. Оспанова Гүлнар Қажықызы – «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.