Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2020

Жаңа жыл мерекесі!

Жаңа 2021 жылыңызбен!

Жұмысыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болуын тілеймін. Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болсын!

***

Сізді Жаңа 2021 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2021 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2021 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

***

Жаңа Жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: