Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің атқарған жұмысы 2015-2016 оқу жылы
21
ноябрь
2016

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің атқарған жұмысы 2015-2016 оқу жылы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі мүшелері 2015-2016 оқу жылында Қазақстан  Республикасының  жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  Ғылыми кеңесімен  2015 жылғы 18 маусымдағы  № 4 хаттамасымен  дайындаған  әдістемелік нұсқау хатпен - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісінің  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды. Мұғалімдерге ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылатыны, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру туралы міндетті  жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдірудің  рөлін көрсетіп, оқыту сапасын арттыруға қол жеткізуде  білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажеттігі  мақсат етіліп қойылды.  Осы мақсатқа жету үшін  әр мұғалімнің түйінді жетістікке жетуді  жоспарлауы  маңызды екені айтылды.

 

            Әдістемелік бірлестік  өз жұмысын гимназияның  «Білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, ұлттық үлгіден – әлемдік білім кеңістігіне шығу» атты әдістемелік ділгірлік тақырыбы  негізінде құрды.   Бірлестік отырыстарында  оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде  гимназияның  өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының  жеке тұлға ретінде дамуына  жағдай туғызу, оқу-тәрбие  жұмысының  негізгі өзегі  ретінде  тұлғалық  бағдарлы,  гуманды-тұлғалық  педагогика ұстанымдарынқолдану  мәселелері қарастырылды.Пән мұғалімдері  «Оқытудың озық әдіс- тәсілдерін ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жүргізе отырып, шығармашыл, құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру» атты проблемалық тақырып  бойынша жұмыс істей отырып, оқушылардың сапалы білім алу, функционалдық сауаттылығын  арттыру мәселелеріне баса назар аударды.   Пән мұғалімдеріне  бірлестік  отырысында  оқу жылының әр тоқсанының қорытындысын талдап,терең анализ жасау арқылы  оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелеріне; оқу сауаттылығын арттыруға:  мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, көркем шығарманы оқытуға  аса көңіл бөлу  мақсатында  іс-шаралар жоспарланып,ұсыныстар берілді. Осы тақырыпта  коучинг өткізіліп, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша   нақты жұмыс түрлері жаңа әдіс тәсілдер  арқылы көрсетіліп, мұғалімдерге  әдістемелік көмек көрсетілді.

           2015-2016 оқу жылында мұғалімдердің  оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарының есептері тыңдалып, нақты ұсыныстар берілді. Бірлестік отырысында   9-11- сынып  оқушыларын қорытынды аттестататтауға  және ҰБТ –ге дайындау барысы тыңдалып, әр оқушының білім,білік дағдылары сараланып, жеке мониторингісі  жасалды.      

Оқушылардың  шығарма байқауына қатысуы туралы дерек

 Оқушылардың пән олимпиадасына қатысуы туралы дерек

        Білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің     біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі XXI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта деңгейлік бағдарлама  бойынша оқыған А.Н. Бейсекина (ІІ деңгей) «Оқытудың жаңа әдіс тәсілдері» тақырыбына  бастауыш сынып мұғалімдерімен коучинг өткізіп,оқу сауаттылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдермен таныстырды.Мұғалімдер коучинг барысында «Аквариум», «6 сұрақ», «5 жолды өлең», «Интерпретациялау» тәсілдерімен танысып, өздері мәтін талдады, сергіту сәтін қызықты өткізудің жолдарымен танысты. 

 

        Сыни ойлау  өдіс- тәсілдерін  тиімді қолдану, формативті,суммативті бағалау  жөнінде кеңес берді.

Әдістемелік жұмыс бойынша А.Н.Бейсекина «Оқушы білімін бағалау- білім сапасын арттырудың жолы»  атты коучинг өткізіп, мұғалімдерге бағалау түрлері, оның маңызы туралы айтып, топтық жұмыс арқылы әртүрлі тапсырмаларды критерий, шкала, пайыздық өлшем, сызба арқылы бағалатып, формативті бағалау түрлерімен таныстырды. Коучингке қатысқан мұғалімдер Оқу үшін бағалау және Оқытуды бағалау талаптарын игерді.       

 

                                                                

 

           Тәжірибелі  ұстаздар Айнабекова С.Р. және Бейсекина А.Н. «Оңтүстік аймақ білім беру мекемелері басшыларының әдіскер ұстадармен тәжірибе бөлісуі»  тақырыбында өткен семинарда тәжірибелі  ұстаздар Айнабекова С.Р. «Сөздердің байланысу түрлері» және Бейсекина А.Н.  6 «Г» сыныбында  «Шылау емлесі. Көне түркі ескерткіштеріндегі шылаулар»   тақырыптарына  ашық сабақтар  өткізіп, әріптестерімен  жаңа форматтағы сабақ үлгілерімен, оған  қойылатын талаптармен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.   Бұл оқу жылында  пән мұғалімдері  мектепте семинар жұмыстарына,  коучингтерге қатысып, өз білімдерін жетілдіріп отырды.   

                         

  Бірлестік мұғалімдерінің  өткізген ашық сабақтары   

     

         22 қыркүйек тілдер мерекесі «Тіл – ғасырлық  қазына»  тақырыбында    өткізілді.Мерекеде оқушылар үш  тілде өздерінің шығармашылығын көрсетіп, ән-жырларын арнады.Қараша айында  8 – 11 сынып оқушылары аралығында   «Менің болашағым – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында  өткен  шығармалар байқауына қатысып, Мейірханова Аружан, Жұмағұлова Арайлым ( мұғалімі-Айнабекова С.Р.), 8 «Б» сынып оқушылары  Дюсебаев  Жекен Жекен қаладан ІІІ орынға ие болды.

        Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған  «Ыбырай Алтынсарин – ізгілік дәнін сепкен ұстаз» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі  оқушыларды  алғашқы ұстаз-ғалым Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығымен  таныстыру,оның еңбектерін зерттеп, танып – білу арқылы ізденіс жұмысына төселдіру,  шығармаларының тәрбиелік мазмұны арқылы мейірімділікке,еңбекшілдікке,адалдыққа тәрбиелеу, ұстаз еңбегін бағалау, қадірлеу; қазақ тілін құрметтеуге, сөз сұлулығын түсініп, игеруге; тілді терең зерттеп үйренуге тәрбиелеу; әдеби шығармалар қорымен таныстыру; пәнді оқуға қызығушылықтарын  арттыру мақсатында өтті. Онкүндіктің ашылуы  «Ыбырай Алтынсарин – ізгілік дәнін сепкен ұстаз» атты  салтанатты жиын  түрінде жүргізілді ( жауапты-Бейсекина А.Н. Избаева М.С.)      

       Бұл іс-шарада  5-6-сынып  оқушылары Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, өлеңдерін жатқа оқыды, әңгімелерінен көрініс қойып, оның тәрбиелік мәнін аша білді.        

       Мектептің дарынды жас ақындары өздерінің тырнақалды туындылары-арнау өлеңдерін оқыды. Интербелсенді тақта арқылы Ыбырай Алтынсариннің өміріне байланысты презентация, «Алғашқы ұстаз» документальді фильмі көрсетілді. Іс - шара барысында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі С.Р.Айнабекова Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық еңбегі туралы   тамаша естеліктер айтса, Г.Қ.Оспанова  Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын  талдап, жинақтаған өзі жасаған қазақ әдебиеті пәні бойынша кесте дидактикалық құралына презентация жасап, таныстырды.  

 

         С.Р.Айнабекова 5 «А» сыныбында  С.Бегалиннің «Бала Шоқан»  шығармасындағы кейіпкер мінезін талдау» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, тұңғыш ғалым Шоқан Уалихановтың балалық шағындағы  тұлғасын, оның қалыптасуын, қызығушылығын, мінез-құлқын жан-жақты талдатты. Сабақта оқушылар топтық  жұмыстар орындап, бала Шоқанның бейнесін аша білді. Шоқанның Мысықпен достығынан, өнерге бейімділігінен үлгі алған оқушылар өздерінің де сурет салуға, зерттеуге бейімділіктерін байқатып, өз өнерлерін  постер салу, мүсін жасау, орхидея гүлін зерттеу, дойбы ойнау түрінде көрсетті. Сабақта топтық жұмыс түрі ұйымдастырылып, оқушылар  өз идеяларын іске асырып, постер құрды; кейіпкер мінезіне байланысты мәтінді талдап, интерпретация жасады.   

Ұсыныс: Салтанат Рауанқызының сабағы жоғары бағаланып, шеберлік класын өткізу ұсынылды.                  

Жас мұғалім М.Избаева 5 «Б» сыныбында «С.Бегалиннің «Бала Шоқан»  шығармасындағы  Шоқан бейнесі» тақырыбына сабақ  өткізді. Мұғалім  сабағын үйге алдын ала әңгімені оқыту арқылы топтық жұмыс  ұйымдастыру түрінде өткізді. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша қосымша деректер іздеп дайындаған. Шоқан Уалихановтың ауыз әдебиетін зерттеуші, географ, этнограф, саяхатшы, ғалым ретінде жазған еңбектерін атап, сызба түрінде көп деректер берілді. Оқушылар да, мұғалім де негізгі материалдан ауытқып, бала Шоқанды қоршаған ортаның оның білім алып, ерекше мейірімді, білімқұмар болып өсуіне әсер етуі туралы деректі, яғни, әңгіменің идеясын ашуға айтарлықтай  көңіл бөлмеді.

Ұсыныс: Мұғалімге үй тапсырмасы мен жаңа сабақты түсіндіруде  уақыттың ара жігін дұрыс бөлу, сабақ құрылымын, мазмұнын таңдап алу туралы ұсыныстар берілді.

Ғ.Ш.Сүйіндікова 5 «А» сыныбында  «Ұяң дауыссыз дыбыстар» тақырыбына өткізген  сабағын түрлендіріп, тірек  сызба, «Басқатырғы сұрақтарды» қолданып, оқушыларды қызықтыра білді.  Мұғалім дауысты, дауыссыз дыбыстардың  жасалуының  өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырау, ұшырамауына байланыстылығын көрнекілік арқылы көрсетіп, ұяң дауыссыздарды ажырата білу жолын   түсіндірді. Сабақта оқушылардың белсенділігі төмен болды.                                                                                       

Ұсыныс: Оқушы белсенділігін арттыру мақсатында рольдік ойын, жеке, топтық жұмыстарды ұйымдастыру.    

Г.Е. Избасарова 7 «Б» сыныбында «Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі» тақырыбына  өткізген ашық сабағында  оқушыға  жаңа білімді  игертуде сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын ұтымды қолдана білді. «Семантикалық карта», «Жинақтау» әдістерін қолдану арқылы Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы бойынша қосымша мағлұматтар берілді. Өлеңнің тілі, суреттеу құралдары, ұйқасы талданды.                                                                                           

Ұсыныс:  Сабақта мұғалім  жаңа материалды дайын күйінде емес, оқушының өзін іздендіру арқылы талдату, тапсырманы түрлендіру  арқылы беруді ұйымдастыру. Өлеңді  талдауда оның тақырыбы  мен идеясын ашуды басты назарда ұстау; талдау талаптарын ұстану. 

Т.Х.Хамиева  6«Б» сыныбында С.Мұратбековтің «Қылау»  әңгімесі  бойынша өткізді. Әңгімедегі мектеп жасындағы ұл мен қыздың арасындағы алғашқы  достық сезім мәселесін  талдатуда топтық жұмыс түрін шебер қолдана білді. Мұғалім сабақ барысында оқушыларды әңгіме желісі арқылы бір-бірін сыйлауға, қадірлеуге, сезімді  бағалап, аялауға үйретіп, тәрбиеледі. Оқушыларды өз пікірлерін ашық әрі дәлелді түрде жеткізуге бағыттап отырды. Сабақтың өн  бойында мұғалім оқушыларды позитивті ойға, сәттілікке жетелеп, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырды.

Ұсыныс: тақырып ашуда, қорытындылауда  оқушыларды  эссе жазуға төселдіру.                                              

         

 

 

Г.Қ.Оспанова 9 «Ә» сыныбында  Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» дастаны тақырыбы бойынша өткізді. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша Абайдың қарасөздерінің тақырыбын, идеясын ашып талдады. Бірнеше оқушы қарасөздерін мәнерлеп жатқа оқыды. Оқушылардың тілі жатық, өз ойларын нақты, дәлелді түрде жеткізе біледі, сөз саптаулары қалыптасқан, бірақ оқушылар өзіне берілген сұраққа ғана жауап беріп, басқаның пікірімен келісу, келіспеу жөнінде ешқандай пікір айтпады. Жаңа сабақты түсіндіруде,талдауда мәтінмен жұмыс ұйымдастырылды, әр оқиға талданып, баға берілді, бірақ шығарма талданғанмен, кейіпкер мінезін талдауда, шығарма идеясын ашуда сыңаржақ пікірлер айтылмады. Жоғарғы сынып оқушыларының  өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын өмірлік философия ретінде қалыптастыру, яғни, бұл шығарманы адами құндылықтармен байланыстыра оқыту керек еді.   

Ұсыныс: сынып оқушыларына топтық тапсырма беріп, барлық оқушыларды  әдебиетті оқуға қызықтыру. Сабақты түрлендіріп, проблемалық сұрақтар қою, пікірталас ұйымдастыру, қорытынды ойға  жетелеу. Оқушының өзін сол проблеманы шешу жолдарын таба білуге, ізденуге бағыттау, тәрбиелеу.      

                                                                                                                          

А.Н. Бейсекина 6 «Г» сыныбында  «Күшейткіш және мақсат үстеулері» тақырыбына   өткізген сабағын Сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегияларын қолдана отырып,жаңа форматты сабақ үлгісінде құрған. Сабақта топтық жұмыс ұйымдастырылды: оқушылар жаңа сабақ материалын жеке, жұпта, топта талдап, түсініктерін постер арқылы  қорғап,жеткізді, сол арқылы оқушылардың өздігінен  жаңа білімді жинақтап,топтастырып,қолдануын, саралауын,  проблемалық ізденіс сәтін ұйымдастыра білді; топта өлең жолдарына қажетті  үстеуді тауып қойды; интербелсенді тақтада жаңа тақырыпты бекіту бойынша түрленген бірнеше тапсырма орындалды. Оқушылар жаңа білімді өткен тақырыппен салыстырып, саралауға төселген. Оқушылардың сабақтағы жұмысы формативті түрде бағаланды және топ басшылары мен мұғалім бағалауы арқылы суммативті баға қойылды. 

Ұсыныс: Оқушылардың жаңа сабақтан алған түсініктерін мұғалімнің өзінің қайта қорытындылауын жоспарлау                                                                                

Е.О.Арын «Терминдер.Олардың қолданылу ерекшеліктері» тақырыбына өткізген ашық сабағында терминдердің жасалу жолдарына,қолданылу ерекшеліктеріне оқушылардың басты назарын аудартты. Сабақта топтық жұмыс ұйымдастырылды: оқушылар әр салаға байланысты терминдерді жіктеп, жасалу жолын талдады,қолданылу аясын анықтады. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар сақталған, мақсаты мен міндеті айқын.                                                                                                            

Ұсыныс: Бағалау критерийлерін жасау,оқушылардың  топта өз жұмысын бағалауын ұйымдастыру. 

Апталық барысында пән бойынша тәрбиелік іс-шаралар да өткізілді.                    

Т.Х.Хамиева  9-10-сынып оқушылары арасында Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған   «ХХI ғасыр көшбасшысы» атты танымдық білім сайысын өткізді. Оқушылар  Ыбырай Алтынсариннің  өмірі, шығармашылығы, ғылыми еңбектері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсетті.

                                                            

 Онкүндік аясында  мектеп оқушылары  №2 кітапхана ұйымдастырған «Мұқағали оқуларына» қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа  оқып, әндерін орындады.  Осы кеште оқушылар Мұқағалиды жақын таныған, оның шығармашылығын зерттеп жүрген ақын, журналист, мұғалімдермен, туыстарымен кездесіп, ақын өмірі туралы қызықты деректермен танысты.                                                                                                 

 

 

«Ыбырай Алтынсарин –Дала қоңырауы» атты жыр оқу сайысы (жауапты-Избасарова Г.Е.) өткізіліп,оқушылар Ыбырай өлеңдерін жатқа оқыды.Сайыста  5 «Ә» ,5 «А», 6 «Г», 7 «Б» сыныбы оқушылары белсенділік танытып, М. Түсіпбекова, А.Қапаш, А.Құрмамбаева сынды оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

«Ыбырай - қысқа әңгіме шебері» атты Ыбырай Алтынсариннің  әңгімелерінен көрініс қою сайысында (жауапты-Избаева М.С.)  5-6 сыныпоқушылары көріністер қойып, өздерінің сахналық шеберліктерін көрсете білді.

 Сондай-ақ, «Ыбырай Алтынсарин – ізгілік дәнін сепкен ұстаз»  тақырыбына және биылғы жылы мерейтой иелері болған ақын- жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арнап газеттер шығарып, қазақ әдебиетіндегі 2016 жылы атап өтілетін атаулы күндер ретімен танысты.                                                   

                                          

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігін қорытындылау кеші «Ыбырай Алтынсарин  ізбасары»  атты  Ы. Алтынсарин  атындағы  №159 гимназия директоры А.Т.Миразовамен кездесу түрінде өтті. Кездесуде оқушылар Аягүл Төреқызына   мектеп ашу ісі, оның тарихы,  Ыбырай Алтынсариннің оның өмірінде алатын орны туралы сұрақт

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 сентябрь 2016 Білім күні
05 август 2016 Хабарландыру!!!
20 июль 2016 ОбЪявление
01 сентябрь 2020 ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!