Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2016

Білім күні

        Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа оқу жылының басталуына орай Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиядағы салтанатты шараға қатысып, қаланың барлық мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады.

        Ол мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың жан- жақты жетіліп, өсуіне барлық жағдайлардың жасалып жатқандығын ерекше атап өтті.

        «Сапалы білім беру - біз үшін басты міндет. 17 млн адамы бар көлемді аумақта әр балаға айрықша көңіл бөліп, оларға барынша жағдай жасау қажет. Мектеп тек терең білім ғана емес, өнегелі тәрбие де береді. Алдына үлкен мақсаттар қойған әрбір жас өрен биік межелерге жетуге ұмтылады, өзінің, отбасының, ұжымының, елінің абыройын ойлап, патриот болуғы тырысады.

        Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Алматы қаласында қазақ тілінде дәріс беретін мектептер саны 15-тен 65-ке жетті. Оқушылар мен олардың ата- аналары мемлекеттік тілдің қаншалықты маңызды екендігін өте жақсы түсінеді. Ал, орыс және ағылшын тілдері өскелең ұрпақтың бақытты болашағына даңғыл жол ашады» , - деді Б.Байбек.

          Салтанатты шара барысында мегаполистің тарихы туралы баяндайтын «Алматы біздің сүйікті қаламыз» кітабы таныстырылды.

«Бұл кітап Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша біздің қаламыздың мерейлі жылына арналып шығарылды, қаланың әрбір білім ошағына Елбасы атынан сыйлық ретінде бір кітаптан беріледі», - деді мегаполис басшысы.

         Салтанатты бөлімнен соң қала әкімі «Мәңгілік ел» патриоттық акті аясында қаланың барлық мектептерінде өткен «Мен- өз елімнің патриотымын» атты бірыңғай онлайн- сабаққа қатысты.

 

 

 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

05 август 2016 Хабарландыру!!!
20 июль 2016 ОбЪявление
22 октябрь 2015 "Жас Өркен" газеті
01 сентябрь 2020 ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!