ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ №159 ГИМНАЗИЯНЫҢ ӘНҰРАНЫ
Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның әнұраны
Сөзін жазған: Сәбит Райысұлы Дүйсебаев
Әнін жазған: Шолпан Кисимбетова
Шуағы нұр шашқан жарқырап
Мектебім Ыбырай атында
Әлемдік білімге бет алған
Нұр алып халқының салтынан.
Қайырмасы:
Шарықта, шарықта,
Қыран боп қалықта,
Мектептің түлегі,
Білуден жалықпа.
Егемен еліңді
Әлемге таныт та,
Шарықта, шарықта, шарықта!
Мектебім – гүл дәурен балалық,
Мектебім – ертеңгі даналық.
Мектебім, күн болсаң сен бізге,
Біз – сәулең тұратын таралып.
Қайырмасы:
Шарықта, шарықта,
Қыран боп қалықта,
Мектептің түлегі,
Білуден жалықпа.
Егемен еліңді
Әлемге таныт та,
Шарықта, шарықта, шарықта!
Ұстаздың жалынды жүрегі,
Ата-ана мейірім-тілегі
Аялап баулыған сұңқармыз,
Отанның қанаты, тірегі.
Қайырмасы:
Шарықта, шарықта,
Қыран боп қалықта,
Мектептің түлегі,
Білуден жалықпа.
Егемен еліңді
Әлемге таныт та,
Шарықта ,шарықта, шарықта!