Войти
Закрыть

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»

Мектеп туралы / Ата-аналарға

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»

https://www.almaty.kz/almaty-events/?lang=kz
«Алматы  біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды
8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Қаланың барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады. 
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.
Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген:
  1. «Біздің қала – біздің көшелер» (8-14 сәуір) - қалалық инфрақұрылымды: жолды, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін, аялдама кешендерін, бағдаршамдарды, жарық беру құралдарын, белгілерді, туристік тотемдерді, қоғамдық дәретханаларды тазалау және ретке келтіру апталығы. Дезинфекция және дезинсекция жүргізе отырып, люктер ауыстырылады, қоқыс жәшіктері жөнделеді.
  2. «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір): көшет отырғызу апталығы. Аулалар мен ойын алаңдары жөнделіп, ретке келтіріледі. Аулалар мен есік алдындағы шағын бақты көгалдандырғысы келетіндерге көшет, жеке үйлердің қоршауын сырлағысы келетіндерге бояу беріледі. Осы кезеңде түрлі шығармашылық әрі экологиялық іс-шаралар басталады – «Жас жұбайлар» креативті эко-хабы мен аллея ашу, «Эко-марафон» плоггингі, дәмханалар мен мейрамханаларда тамақ қалдықтарын жинау жобасы; «Таза ойындар» акциясы, «Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті өткізіңіз – табиғатты сақтаңыз»; «Үздік аула», "Үздік шағын бақ», «Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқаулары, «Жасыл планета – біздің ортақ үйіміз» мектеп суреттері байқауы және т.б. 20 сәуір күні жалпықалалық сенбілік жоспарланған.
  3. «Біздің қала - біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 сәуір): жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазалау апталығы.
  4. «Біздің қала – біздің мақтаныш» (29 сәуір – 8 мамыр): ескерткіштер мен мәдениет нысандарды тазалау апталығы. Соңғы аптада қаладағы субұрқақтар іске қосылып, науқанға белсенді түрде қатысқан тұрғындар сыйлықтармен марапатталады.
Науқан қорытындысы бойынша 1765 аялдама павильоны, 480 бағдаршам нысаны, 56 жер асты және 78 жер үсті өткелі, 1500 қоқыс алаңы, 24747 қоқыс жәшігі, 15454 орындық, 161 ескерткіш жуылып, жөндеуден өтеді. Қаланың коммуналдық қызметі 153 саябақ пен скверді, 1349 км арық желісін, 4468 км көше мен тротуарды, 235 люкті тазалайды. Науқан аясында 3420 жарық нүктесі, 650 белгі жаңартылып, 20 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылады. 1 мамырда қалада 65 субұрқақ іске қосылады.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанын өткізу форматы, қатысу шарты, мекенжайы және байланыс нөмірі туралы қосымша ақпарат аlmaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланады. Сондай-ақ, веб-сайтқа жақында бүкіл қалаға ілінетін баннер, постер және афишадағы арнайы QR-код арқылы кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі жұмыс комиссиясын бекіту туралы

Мектеп туралы / Ашық орган / Сыбайлас жеморлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

және алдын алу жөніндегі жұмыс комиссиясын бекіту туралы

 



“Бала қауіпсіздігі басты назарда” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Мектеп туралы / Ата-аналарға

  Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Бала қауіпсіздігі басты назарда” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртібі туралы, соның ішінде балалардың ұялы телефон қолдануына тыйым салу, ата-аналар және өзге де адамдардың мектеп ішіне рұқсатсыз кірмеуі, оқу үлгерімі төмендеп жатқан оқушылардың ата-аналарына ескертулер айтылды.
Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп және сұрақтар қойды.

“Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік” – деп мектеп директоры жиналысты аяқтады.

 

20 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Мектеп туралы / Іс-шаралар / Ата-аналарға

20 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің жетінші күні - Ұлттық спорт күні!
Ата-бабамыздан қалған баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз арқан тарту, бес асық, асық ату,
тоғызқұмалақ т.б. ұлттық спорт түрлері жастардың, нағыз
азамат болып қалыптасуына, бойындағы табиғи дарынын
шыңдауда, ақыл-ой парасатының толысуына, салауатты
өмір салтын ұстанып денсаулыққа аса мән беруіне
бағытталған.
#Ұлттықспорт
#Біртұтас_тәрбие
#Наурызнама
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@medeuaudany
@akimat_medeu

[media=https://www.instagram.com/reel/C4uhznnN-P8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ]

   
@saparagaisha

Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.

Мектеп туралы / Іс-шаралар

2024 жылдың 20 наурыз күні Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық
домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік
мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени
мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.
Челлендждің міндеттері – қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім
алушылардың қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларын
қалыптастыру, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту, домбырада
музыка орындаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.
[media=https://www.instagram.com/reel/C4ugvsugZ2-/?utm_source=ig_web_copy_link]
 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС ЖАС ҒАЛЫМ!...

Мектеп туралы / Оқушылар жетістіктері

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС ЖАС ҒАЛЫМ!...
2024 жылы наурыздың 5️⃣-6️⃣ аралығында өткен, Ө.Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІV халықаралық конкурсынының 1️⃣ дәрежелі диплом жеңілмпаздары: Оралбек Ерұлан (10г сынып оқушысы) және Мұхтарқызы Меруерт (11 а сынып оқушысы), АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП алды.
Ғылыми жетекшілері: Қазез Ертай, Адил Наурызбай

 

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ

Мектеп туралы / Іс-шаралар

📝БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА✅
❤ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ❤
Қайырымдылық жасау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Олай болса, жақсылық жасап жарысайық! 🤗💫💫💫

 

В будущее В прошлое

Навигация