» » Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 
 
 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:52, посмотрело: 1070

0

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Тұңғышбаева Гүлназ Облбекқызы

ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ

«Алматы жыл мұғалімі-2008» байқауының «Бас жүлде» иегері

Тұңғышбаева Гүлназ Облбекқызы 2002 жылдан бастап Алматы қаласы, Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда жұмыс атқарып келеді. Ол –жоғары санаттағы информатика пәнінің біліктілікті мұғалімі, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының ізденушісі. 2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасында «Информатиканың бағдарлы курсында компьтерлік графика құралдарымен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты диссертациялық зерттеу тақырыбы негіздемесі қорғалып бекітілген.

 

 

Сүйікті нақылы:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді!

Керемет мұғалім көрсетіп әрекеттендіреді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

                                                            (У.Уорд)

Сүйікті қағидасы:

Қазақ ұлтының бесігі – қазақ мектебі. Мен сол бесіктің тербеушісімін...-

Гүлназ Облбекқызы – мектепте информатиканы оқытуды жоғары деңгейде жүзеге асырып жүрген ұстаз. Ол оқытудың жаңа технологияларын, озық іс-тәжірибелерін тиімді пайдалануда үнемі ізденіс танытады. Сабақты шебер ұйымдастырады. Оқытудың психологиялық шарттарын құра білуі өнеге бола алады. Балаларды ақпараттық ойлауға үйретеді. Оның шәкірттері ақпараттық теория негіздерін және компьютерлік дағдыларды терең меңгергендіктерімен ерекшеленеді. Өз әріптестерімен интерактивтік тақта бойынша оқыту тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ол жетекшілік ететін ақпараттық кабинетті мектептегі ақпараттық оқыту әдістемесінің орталығы десе де болады.

·ББЖБ және ҒПКБА Республикалық институты. «Мектеп информатикасы: іс-тәжірибе, проблемалар және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2005 ж. 19-21 қазан. 150-154 беттер. «Бағдарлама тілдерін оқушының танымдық қабілеттерін нақты ғылым аумағында қалыптастыру үшін қолдану»

·ББЖБ және ҒПКБА Республикалық институты. «Мектеп информатикасы: іс-тәжірибе, проблемалар және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2005 ж.19-21 қазан. 281-285 беттер. «Электрондық оқу құралдары мен оқыту әдістемелерін оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі мен маңызы»

·С.Х.Боқаевтың 100 жылдығына арналған физика-математика пәндерін оқыту теориясы мен әдістемесі атты ғылыми әдістемелік конференция. IIтом, 27 сәуір, 2007 ж. 59-63 беттер. «Мектеп информатика курсында компьютерлік графика курсын оқытудың негіздері»

·Алматы гуманитарлы-техникалық университетінде өткен «Индустриялы-инновациялық дамудың проблемалары мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2007ж. 27-28 сәуір. 56-59 беттер. «Информатиканың бағдарлы курсындағы компьютерлік графиканың оқушы шығармашылығын дамытудағы маңызы»

-2006 жылы 12 жылдық білім беру жүйесіндегі 2 сыныпқа арналған байқау оқулығының авторларының бірі;

-2006 жылы 7,8 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының авторларының бірі.

Ұстаз бейнесін шәкірттерінің табыстарынан да айқын көруге болады. Олар әр түрлі мектептегі ақпараттық оқу бойынша сайыстарда білімберінің тиянақтылығын делелдеп отырады. Мысалы, төмендегі көрсеткіштер соның бір айғағы бола алады:

 

·Тұңғышбаева Гүлназ Облбекқызы дайындаған оқушылар командасы 2006, 2007, 2008 жылдарда информатика пәнінен Республикалық «Компьютерлік графика» атты қашықтық олимпиадада 3,2,1 жүлделі орындарды иеленіп, «Ең үздік логотип» номенациясын 10 сынып оқушысы Ешмұхамедов Аян жеңіп алды.

 

·Сонымен қатар Астана қаласында 3 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өткізілген интерактивті сабақта оқушысы Дүйсенбаев Ержан тікелей байланыс арқылы Алматы қаласы оқушылары атынан Елбасыға сұрақ қойды.

·2008 жылы Мағзұм Мирас Халықаралық Бизнес Университетінің 15 жылдығына арналған Алматы қаласы оқушылар арасында информатика пәні бойынша өткізілген олимпиадада 3 орынды иеленді.

·2009,2010 жылдары ұстаз шәкірті Марқұмов Дәурен информатика пәнінен өткізілген олимпиада ауданнан 1 орын, қаладан 3 орынды иеленді.

Мұғалімнің кәсіби біліктілік шеберлігінің жетістіктері мектеп, аудан, қала мақтанышы дерлік:

·2007 жылы Модератор ретінде Алматы қаласы мектептеріне «Ел Президентінің «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасына 10 жыл!» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.

·Сонымен қатар 2006 оқу жылында тамыз конференциясында информатика пәні бойынша қала мұғалімдеріне «Электрондық оқу құралдары мен оқыту әдістемелерін оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі мен маңызы» тақырыбында өзінің тәжірибесін таратты.

·2006-2007 оқу жылы Алматы қаласы информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Алтин диск» сайысының III дәрежелі орынмен марапатталды.

·2006 жылы Microsoft Kazakhstan VCT жобасы сайысында II орынды иеленді.

·Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен және Білім Департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл мұғалімі - 2008» байқауының бас жүлдесін 2008 жылы жеңіп алды және сол сайыста «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Қала әкімінің қолынан оған пәтер кілтін сыйға табыс етілді.

·2008 оқу жылы Астана қаласында Білім және ғылым министірі жанында өткен коллегияға қатысып, министрдің қолынан «ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» атағы белгісін алды.

·2009 жылы Республика мұғалімдеріне 8 сыныптарға арналған «Формулалармен жұмыс, ұяшықтың абсолютті және салыстырмалы адрестері» тақырыбында Республикалық интерактивті сабақ беріп, ол сабақ өте жоғары деңгейде бағаланды.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз тәжірибесін таратады және білім беру жүйесіне қатысты толғандырып жүрген сұрақтар бойынша да жеке пікірін білдіріп отырады.

Гүлназ Облбекқызы сынып жетекшісі ретінде де үлгілі педагог. Ол оқушыларға тәрбие беруде ұлттық, патриоттық, рухани-адамгершілік салаларына айрықша көңіл бөліп, оларды тұлға қалыптастыруда негізге алады.

Ұстаз үнемі өз білімін жетілдіріп отырады, ол төмендегідей көптеген отандық, халықаралық сертификаттарға ие:

  • 2001-2002 ж, №1100 «Информатика пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері»,
  • 2004-2005ж, №0075842 «Паскаль тілінде программалау негіздері. Объективті-үйлестіруші программасы»
  • 2006ж, №0095930 «Бастауыш мектепте жаңа ақпараттандыру технологиясын қолдану әдістемесі»,
  • 2006 ж, №0094234 «Білім беру жүйесін басқару және коммуникациялық технологияларды ақпараттандырудың өзектілігі, Merits бағдарламасының атқаратын қызметі, қажеттілігі, Интернет және электрондық оқулық» АҚББЖМБК және ҚДИ,
  • 2003-2004 жылы СОРОС – ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫ ұйымдастырған проект «Интернет для учреждений гражданского сектора» тренигінде «Организация работы интернет классов, настройка локальной сети и прокси-сервера» сертификаты,
  • 2005 жылы Kazakh Scientific-Eduacational Center HIGT TECH FOR HUMAN да C++Programming тақырыбын меңгергендігінің және, 2005,2006 жылы Microsoft Қазақстан және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімімен өткен білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдануды дамыту бойынша өткен «Летняя школа Microsoft для учителей» тренингінің, 2005 ж, MERITS Multimedia Education Reource interactive Teacher System сертификаты, 2006 ж L-Link компаниясының «Мектептің жергілікті желісі және құрылымы» сертификаты.
  • 2007 жылы «21 ғасыр оқу сыныбының технологиясы мен оқыту жүйесінің интерактивті оқыту жүйесі» сертификаты;
  • 2007 жылы Педагогикалық идеялар фестивалі сертификаты;
  • 2007 жылы Конвандо қаласының оқытушыларымен ынтымақтастықта «Мектептегі ICT» сертификаты;
  • 2008, 2009 жылдары Microsoft біліміндегі халықаралық серіктестік сертификаты және тренфнерлік сертификаты.

 

 


шаблоны для dle

Категория: акiмшiлiк, Октушылар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.