» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 
 
 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:34, посмотрело: 949

0

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Кисимбетова Шолпан Бақытжанқызы

 

Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген Кисимбетова 1998 жылдан осы Ы.Алтынсарин гимназиясында музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді. 2006-2007 оқу жылынан бастап директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Шолпан Бақытжанқызы музыка сабағына халықтық педагогика құндылықтарын үнемі негіз етіп алады. Дәстүрлі музыканың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін, ішкі ұлттық рухын шәкірттерінің бойына сіңіруде шығармашылықпен еңбектенеді. Сабақта халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп сақтаған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерінің рухында баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыруды Шолпан Бақытжанқызы міндетім деп санайды.

Ұстаздың бұл еңбегі өз жемістерін беруде. Мысалы, төменде көрсетілген шәкірттердің және ұстаздың табыстарының кейбір көрсеткіштері оған дәлел бола алады: 2002 жылы эстрадалық бағытта ән салудан оқушылары халықаралық деңгейдегі «Әнші балапан» байқауы бағдарламасының аясында Египеттің Каир астанасында өнер көрсетіп қайтты. Шәкірттері Астана қаласында жылда өткізілетін Халықаралық «Ақкөгершін» байқауының дипломанттары атанды. Ал Алматы қаласында өткізілетін қалалық байқаулар мен «Медеу» фестивальдерінде де оқушылары өнер көрсетіп, ұстазы мақтау қағазымен марапатталды. Алматы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін аудандық, қалалық және республикалық «Жігіт сұлтаны», «Алматы аруы» «Есірткі, нашақорлыққа қарсы», «АҚТҚ,ЖҚТБ таралуын тоқтатамыз!», «Салауатты өмір салты», «Бір үйдің баласындай», «Жолда жүру қозғалыс инспекторлары», т.б. сайыстарға оқушыларды даярлап, жетекшісі ретінде мақтау қағаздарымен марапатталды.

Шолпан Бақытжанқызыгимназиядағы тәрбие жұмысына әдістемелік-ұйымдастырушылық жетекшілік етюді. Ұстаз: «Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде менің мақсатым: дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өзін-өзі сын көзбен қарап дамыта алатын, өмірде кездескен қиыншылықтарды шеше білетін, бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу», – деп біледі, мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын да жетекші ретінде осы мақсатты жүзеге асыруға бағыттайды. Ол оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру үшін, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру үшін гимназиядағы үйірмелер, клубтар, шығармашылық ұжымдардың шәкірт тұлғасын жан-жақты дамытуға қызмет етуін қадағалап, басшылық жасайды.

Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. «Бір баланы адам етіп өсіруден бір шаһарды абат ету жеңіл» дейді көне шығыс даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ Шолпан Бақытжанқызының гимназия оқушыларын шын мәніндегі білікті, білімді, өнегелі тұлға етіп қалыптастыру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екенін көрсетсе керек. Ол бұл иігі істі жолға қою үшін өзнің уақытын да, күш-қуатын да аямай еңбектенуде.

Шолпан Бақытжанқызы тәрбие жұмысы бойынша мектептегі әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырумен бірге, өз тәжірибесі мен авторлық ізденістерін де ортаға салып, отырады. Оның «Атыңнан айналайын, халық әні», «Дәстүрлі күйшілік өнер», «Дәстүрлі әншілік өнер» тақырыптарындағы ашық сабақтары және концерттері, тәрбие сағаттары оң үлгі, озық тәжірибе ретінде қабылданды. Республикалық мұғалімдердің білім жетілдіру институтының ұсынысы бойынша республика көлемінен келген мұғалімдерге «Күй атасы-Қорқыт», «Сарыарқаны күмбірлеткен Құрманғазы», «Ықыластың қобызы» атты тақырыптарда музыка пәнінен ашық сабақтар өткізді.

Сондай-ақ Кисимбетова Шолпан Бақытжанқызы жеке басының әншілік, музыканттық және композиторлық өнерімен де үлгі. Ол 2005ж. «Тамаша» ойын-сауық отауының жаңа жылдық бағдарламасына еніп, сөзі де, әні де төл туындысы «Аққу құсым сұлуым» атты әні көрермендер көңілінен шықты. Бүгінгі таңда оның біраз тақырыптық әндері «Ең үздік махаббат әндері» таңдамалы топтама ішіне енді. Мысалы, «Ақ жауын» әні «Жұлдыздар отбасы» журналына өзінің шығу тарихымен, сөзімен жарияланды. Ол әнді белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева, ал «Ойнама махаббатпен» әнін эстрада әншілері Жанар Омарова, Гаухар Әлімбекова, «Аққу құсым сұлуым» әнін Жанар ова, «Мен сені іздегенмін» атты әнді эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова орындап жүр. Шолпан Бақытжанқызының өнері республика жұртшылығының назарын аударуда. Ол туралы «Сол жұлдыздай жарық бол» атты мақала 1992ж Есік аудандық газет бетінде жарияланған. Ал өзінің «Ақ жауын аялдамада туылған ән» атты мақаласы 2007ж. «Жұлдыздар отбасы»журналында жарық көрді

2007 жылы Астанада өткен «Жыл мұғалімі» клубының форумында Шолпан Бақытжанқызының «Ұстаздық бағым» атты әні (Сөзін жазған – Сәбит Дүйсебаев) ҚР Білім және ғылым министрлігінде Алматы мұғалімдерінің гимні болып бекітілді. Гимннің авторы ретінде ол осы жылы қала әкімі Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлының өз қолынан үш бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды.

Кисимбетова Шолпан Бақытжанқызы 2002 жылдан Авторлар қоғамының және Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.

 

 

 

шаблоны для dle

Категория: акiмшiлiк

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.