» » Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:30, посмотрело: 1084

0

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

№159 гимназияда Құсайынова Жанар Бейімбетқызы 1991жылы оның ашылған күнінен бастап бастауыш сыныптарды оқытып келеді. Ұстаз қазіргі инновациялық және интерактивтік оқыту технологияларын қолдануда ізденістер жасап, оқушылардың білімін, білігін, дағдыларын сапалық деңгейге көтеруде. Сабақты ұйымдастыруға шығармашылықпен қарап, оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету мақсатында ұжымдық, топтық, жұптық, жекелей оқу әрекеттерін өзара шебер үйлестіреді. Ұстаз өз тәжірибесінде білім бере отырып тәрбиелеу ұстанымын берік ұстанады. Есептеу дағдыларының, оқу-жазу әрекеттерінің, тіл дамыту, өнерге баулу жұмыстарының негізіне бағдарламалық материалдарды меңгеру талаптарын ала отырып, олардың тәрбиелік қызметін іске қосуды және адам өміріндегі мәнін ашып көрсетуді әрқашан ескереді. Оқытудық электрондық, техникалық, көрнекі және дидактикалық құралдарын кешенді түрде ұтымды пайдаланады, олардың картотекалары жүйеленген және толымды.

Ұстаздың оқушыларының білім сапасы жоғары, олар әр түрлі білім сайыстарында жеңістерге қол жеткізіп, мектеп мәртебесін көтеруге ат салысады.

2006 жылдың ақпан айында қалалық Білім Департаменті жүргізген «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жайын жетілдіру шаралары» атты жан-жақты тексерістің қорытындысында ұстаз оқытатын сынып оқушылары математика пәні бойынша 93%, қазақ тілі пәні бойынша 90% сапа көрсетті. Ал 2010-2011 оқу жылы қорытындысында өзі сабақ беріп жүрген 3 а сыныбы математика пәні бойынша 95 %, қазақ тілі пәні бойынша 90 %, ана тілі пәні бойынша 95 % білім сапасына қол жеткізді.

ШәкірттерЖақсылықов Әкімбек, Жақанбаева Надира математика пәні бойынша өтетін «Кенгуру» Халықаралық математикалық ойын-сайысында 1 орынды иеленді. Жанар Бейімбетқызының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар жанынан құрылған «Табиғат достары» атты топ 2007 жылы 10 желтоқсанда «Біздің кішкентай достарымыз» атты экологиялық турнирде 1 орынға ие болды.

Ізденімпаз ұстаз білім реформасының жүзеге асуында жаңа білім мазмұнын құруға үлес қосты. Оның еңбектері оқулықтар, оқу құралдары, мақалалар түрінде әр кезде жарық көріп келеді. Мысалы, төмендегідей авторлық жұмыстары бар: «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани білім беру жобасы бойынша ең алғашқы құрастырушыларының бірі ретінде оқу – әдістемелік кешендерді дайындау жұмыстарына қатысты. 1-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» оқулығының, «Өзін-өзі тану» оқушы дәптерінің, осы оқулықтың әдістемелік нұсқаулығын құрастырушыларының бірі. АБДИ Компаниясы құрастырған 1,2,3,4-сыныптардағы математика және қазақ тіліне арналған таратпа материалдарына пікір жазушы. Ол – 2009 жылы «Ғылым» баспасының Республикалық шығармашыл ұстаздарын жинақтап шығарған кітабына енген ұстаздардың бірі.

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары лауазымында мектептің асқаралы табыстарына өзінің ұйымдастырушылық, әдіскерлік, коммуникативтік мәдениеттілгімен, қабілет-істерімен өлшеусіз үлес қосып келеді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әр кезде жағымды оқу-материалдық және педагогикалық-психологиялық ахуал жағдайында еңбек етуіне мүмкіндіктер жасауда бар өнерін салады. Жетекшілік жұмыстың ең басты міндеті осы екенін дұрыс пайымдап, ұстаздардың қадір- қасиетін сақтау мен қолдауда өнеге танытады. Басшылық тарапынан ықылас пен қамқорлық пейіл көретін мұғалімдер әрқашан жетекші бастамашылығына ұйып, ортақ мақсаттарды бірлесіп шешуден аянбайды. Мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін арттыруда мектепішілік және аудандық, қалалық, республикалық көлемдердегі семинарлар, тренингтер, дебаттар, конференциялар, әдістемелік кеңестер дайындап, әріптестерінің белсенді қатысуларына септік етеді.

Жанар Бейімбетқызы үнемі өз білімін жетілдіріп отырады, отандық, халықаралық сертификаттарға ие: «Бастауыш мектеп: проблемалары мен даму болашағы» сертификаты; «3-4 сынып оқулықтарын сабақта пайдаланудың ғылыми-педагогикалық жақтары» сертификаты; АҚББЖМБК және КДИ «Street Law» Қазақстан қоғамдық бірлестігінің семинарының сертификаты; АҚББЖМБК және КДИ «12 жылдық мектеп жағдайында жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың құзіреттіліктерін арттыру» сертификаты; «ҚР Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылық бойынша толық оқу» сертификаты.

Жанар Бейімбетқызының жас ұрпақ тәрбиесіндегі өнегелі еңбегі түрлі марапаттармен бағаланған: Қазақстан Республикасының Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері, Қалалық білім департаментінің грамотасы, Қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының дипломы мен мақтау қағазы, Аудандық білім бөлімінің грамотасы.

Оқушыларының, ата-аналарының, педагогикалық ұжымның арасында сыйлы, беделді Құсайынова Жанар Бейімбетқызы айналасына жүрер жолды көрсетіп, еліне қамқор бола алған тұлғаларды айрықша қастер тұтады. Әсіресе өзі еңбек ететін №159 гимназия директорының тәлімгерлік қамқорына ризашылығы шексіз. Ол туралы ұстаз былайша толғанады.

Мен ұстаздық еңбек жолымды 1990 жылы Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебінде бастадым. Өз ана тілінде оқимын деп бұл білім шаңырағы табалдырығын аттаған бүлдіршіндер саны өте көп болды: 1 сыныптың өзі он бір сынып болды. Менің сыныбым – 1 «ж». Әр сыныпта – 30 баладан. Мектеп 2 ауысымда оқыды. Бастауыш сыныптар үшін бөлінген екі қабатты мектеп үйі балаға лық толды. Бұрыннан бастауышта қызмет етіп келе жатқан ұстаздар Уазипа, Күлаш,... Базила, Раиса, Даниярова Кенжегүл, Бұрышқаным, Раушан т.б. апайлар жаңадан келген жас буын мұғалімдерді тәлімгерлік қамқорлыққа алды. Өрнек салған кестешідей ерінбей-жалықпай, мұқият табандылықпен еңбек етуді тілейтін 1 сыныпты да аяқтап, екінші сыныпқа көштік.

1991 жылдың тамыз айында мектеп дүрліге кетті: ауданымызда тағы да бір жаңа қазақ мектебі ашылады екен, №12 мектептен сыныптарды бөліп, сол мектепке алады екен деген сөздер ести бастадық. Қазақ мектебі Алматының қақ ортасынан ашылатынына қуансақ, ол мектепке қалай бөліп, кімдерді жібереді екен деген ой толғандыра бастады. Тамыз айының күндерінің бірінде жиын жасап, 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі сыныптардан жаңа мектепке сыныбымен кететін жетекшілерді атады. Менің сыныбым бұл тізімде болмады.

Бір күні мектепке жаңа ашылған мектептің директоры келді. Орта бойлы, әдемі, сабырлы, сөйлеген сөзі салмақты, орта жастағы директорды Миразова Аягүл Төреқызы деп таныстырды. Ол кісінің сөзін мен де отырып тыңдадым. Маған бұл кісі бірден ұнады, сөзі сондай әсер берді. Менің де сол мектепке кеткім келді. Жиылыс соңынан соң, Аягүл апайдың қасына келіп: «Мен де сізге барсам бола ма?» деп сұрадым. Апай жылы шыраймен: «Әрине, басшылық келіссе болады», – деп жауап берді де, бөлінген сынып жетекшілерінің сұрақтарына жауап бере бастады.

Мен оқу ісінің меңгерушісі Раиса Жалғасқызына келіп:

– Раиса Жалғасқызы, мен де сыныбыммен жаңа мектепке кетемін – дедім.

-Айналайын-ау, кеткің келсе, оны Алия Қайырбекқызы шешеді. Бұл мектеп бұрыннан келе жатқан шаңырақ, осы жерде апайларыңмен бірге ары қарай еңбек етсең жаман болмайсың, – деді.

Менімен бірге жұмыс бастаған қыздардың бәрі кетті, мен сол қыздарға да үйренісіп қалдым, – дедім.

Раиса Жалғасқызы бұл мәселені шешуді директорға қалдырды. Мен бірден Алия Қайырбекқызының қабылдауына барып, өз тілегімді айтып едім:

Жақсы, қалқам, барғың келсе, бара ғой, – деп арқамнан қағым шығарып салды.

Менің қуанышымда шек болмады. Бірден өз сыныбым оқушыларының ата-аналарымен хабарласып, 2-сыныпты жаңадан ашылған №159 мектепте бастайтынымызды айттым. Аягүл апайдың айтқан сөздерін түгел дерлік жеткіздім десем де болады. Біреуі естіп қуанса, біреуі осы шаңырақта қала бермедік пе дей тұра: «Сіз бізбен болсаңыз, біз қайда болса да баруға дайынбыз» – деген сөздерді де айтып жатты.

Жаңа ашылған мектеп. Оқу жылы басталуға да аз уақыт қалды. Әлі де бұрынғы интернаттан қалған заттар шығарылмапты. Оқушы отыратын партадан, төсек көп. Өйткені, мұнда бұған дейін сезім мүшелерінде ақаулықтары бар балалар жатып оқитын 350 орынды интернат орналасқан екен. Директорымыз Аягүл апай №12 орта мектептен келген бастауыш сыныптардан басқа, қазақ мектебі ашылыпты деп келген оқушыларды да құшақ жая қабылдай бастады. Жұмыс іздеп келген мұғалімдерді де қалалық білім басқармасы жіберіп жатты. Енді қалай боламыз, неден бастаймыз, партаны, шкафты қайдан аламыз, сыныптарымызды қалай безендіреміз деген сауалдар барлық мұғалімдерді толғандырды. Тек сенетініміз – Аягүл апай. Күнде жұмысқа келгенде, жиналыс жасап, бар мұғалімді сабырлылыққа шақырып, сол күні не істейтінімізді, неден бастап, сол күнді немен бітіруім керек екендігі әр мұғалімге айтылып отырды.

Аягүл апайдың құмырсқадай тынбай еңбек етуінің, әрі-бері жүгіруінің арқасында төрт қабырға мектепке ұқсай бастады. Мұғалімдерге тіпті көрнекілік жасау үшін типографиядан жарамсыз болып қалған қағаз-картондарды алып келіп, көрнекілік, таратпа карточка жасаңдар, көрнекіліксіз, қосымша материалсыз берілген сабақ, сабақ емес деп айтатын.

Мұғалім қабылдау әдісіне таң қалатынбыз. Бастауышқа мұғалім келсе, алдымен сырт бейнесіне, сөйлеген сөзіне, таралған шашына қарап алып: «Айналайын, бойыңда қандай өнер бар! Өлең айтып, домбыра тартып, би билеп, сурет сала аласың ба?» – деп сұрап: «Бастауыш сынып мұғалімі жан-жақты өнерлі болу керек, сонда ғана оны нағыз бастауыш сынып мұғалімі деп айтуға болады», – деп айтатын. Осы сыннан өтпеген мұғалімдер теріс бұрылып кете беретін.

Мектеп Аягүл апайдың табандылығының арқасында қалыптасып, апайдың жігерімен жігерленіп, жүрек жылуы мен мейірімінен көркейе бастады.

Алғаш бастауыш сыныптар бойыншы оқу ісінің меңгерушісі болып Игенбаева Бижан апай тағайындалды. Бастауышта сол жылдарда 16-17 сынып комплектісі болды. Директор үшін аяғынан жаңа тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан мектептің жұмысы бастан асып жатыр. Аягүл Төреқызы бәріне де үлгереді. Әр мұғалімнің сабағына да қатысып, сабақ жоспарының жазылуына да ерекше мән беретін. Сабағымызға келіп көріп, алдына апарып талдағанда: «Айналайын, сенің баламен жұмыста мына жерің ерекше екен, – деп, жақсы жақтарын толық айтып, жетпеген жерің: «былай істесең дұрыс болар еді, сенің қолыңнан келеді, сен жасай аласың солай істе», – деп ақылын айтып, бағыт-бағдар айтатын. Иә, бұл білімділік пен көрегендік екен. Басшы адамға ең бастысы көрегендік керек екен-ау деп ойға қалатынбыз.

Қателік айтқанда намыстанасың, намыс арқылы қателікті жеңесің. Сол кезден бастап-ақ басшы болсақ та, болмасақ та, мектептен шықпай, көрнекілігімізді қолдан жасап, ертеңгі сабаққа толық дайындалып келетінбіз. Өйткені, басшы талабы солай.

Сонымен жыл артынан жыл өтіп жатты. Мектебіміз аудан тұрмақ, қала, республика деңгейлерінде алға шыға бастады. 2000 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының эксперимент жүргізу мектептерінің бірі болдық. Аягүл Төреқызының ұйымдастыруымен мұғалімдер жаңадан шыға бастаған оқулықтарды апробациядан өткізуге қатысты. Бұл да мұғалімдердің шығармашылығының шыңдалуына өзіндік себебін тигізді. Сол жылдардан бастап, қаламызға жан-жақтан білім жетілдіруге келген мұғалімдерге ашық сабақтар көрсете бастадық. Сабақ жоспарымыз бірнеше рет апайдың сараптауынан өтілетін де, қане: «Мына жеріңді қалай жеткізесің, айтшы», – деп тәптіштеп сұрайтын, тіпті сабаққа не киіп шығатынымызға дейін анықтап алмай тынбайтын.

Осылайша шыңдалған Арипова Гауһар, Үржігітова Гүлзина қалалық сынып жетекшісі, республикалық панорамалық сабақ байқауларына қатысып, үлкен жетістіктерге жетті. Осындай таразы тезінен өткен бастауыш сынып мұғалімдері Айдоллаева Құндыз, Сейдалиева Гүлсара, Үржігітова Гүлзина, Жиенбаева Жанат, Арипова Гауһар, Шабанбаева Айгүлім сынды ұстаздар әрі бастауыш мектептің оқу ісінің меңгерушісі, әрі әдістемелік бірлестік жетекшісі, әрі гимназияның бастауыш сыныбында мұғалімдік еңбектерді қатар атқарып жүрді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің құрамы тұрақты, олардың ең жас дегенінің өзі – бұл гимназияда 16 жыл еңбек еткен ұстаз.

Қазіргі уақытта жаңа салынып пайдалануға берілген мектептерде бәрі – дайын дүние, мемлекет толық жабдықтап, қамқорлық жасайды. Ал 1991 жылы орта білім алуға арналмаған, бар болғаны сегіз сыныптық интернат үйінде ашылған №159 мектебіміздің келе-келе республикаға танымал болуы, абырой-даңқын бүкіл еліміз жоғары бағалап отырған іргесі берік білім ордасына айналуы, оқушыларының сапалы білім алуына, мұғалімдерінің шығармашылықпен еңбек етуіне оқу-материалдық, техникалық-электрондық, ғылыми-әдістемелік осы заманғы жағдайдың жан-жақты әрі толық жасалуы – Аягүл Төреқызының 20 жылдық табанды еңбегінің жемісі.

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

№159 гимназияда Құсайынова Жанар Бейімбетқызы 1991жылы оның ашылған күнінен бастап бастауыш сыныптарды оқытып келеді әрі бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары лауазымын қоса атқаруда. Ұстаз қазіргі инновациялық және интерактивтік оқыту технологияларын қолдануда ізденістер жасап, оқушылардың білімін, білігін, дағдыларын сапалық деңгейге көтеруде. Сабақты ұйымдастыруға шығармашылықпен қарап, оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету мақсатында ұжымдық, топтық, жұптық, жекелей оқу әрекеттерін өзара шебер үйлестіреді. Ұстаз өз тәжірибесінде білім бере отырып тәрбиелеу ұстанымын берік ұстанады. Есептеу дағдыларының, оқу-жазу әрекеттерінің, тіл дамыту, өнерге баулу жұмыстарының негізіне бағдарламалық материалдарды меңгеру талаптарын ала отырып, олардың тәрбиелік қызметін іске қосуды және адам өміріндегі мәнін ашып көрсетуді әрқашан ескереді. Оқытудық электрондық, техникалық, көрнекі және дидактикалық құралдарын кешенді түрде ұтымды пайдаланады, олардың картотекалары жүйеленген және толымды.

шаблоны для dle

Категория: акiмшiлiк, Октушылар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.