» » Директордың міндетін уақытша атқарушы

 
 
 

Директордың міндетін уақытша атқарушы

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:26, посмотрело: 3370

0

Директордың міндетін уақытша атқарушы

Бидайбекова Эльмира Исебайқызы - №159 гимназияда 1999 жылдан бері химия пәні мұғалімі болып жұмыс істеп келеді және ол директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де атқарады. Шығармашылық тақырыбы – «Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы химия сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру». Осы тақырып аясында оқушылардың сабақта және сабақтан тыс ізденістерін шебер ұйымдастырады. Теория мен практиканы ұштастыру жолымен оқушылардың қызығушылығын арттыруға басымдық береді. Оқытудың жаңа технологияларының әдіс-тәсілдерін, элементтерін өз сабағында тиімді пайдаланады және оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сабақтың тұлғаға жақындығын мейлінше арттыруға көп көңіл бөледі. Сабақта техникалық және электрондық құралдарды қолдануды нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Оқушылардың өз бетінше зертханалық тәжірибелер орындауларына басымдық береді, олардың қорытындыларын компьютер арқылы оқушылардың өзінің жеке базасына енгізіп отыруларын ұйымдастырады. Ол – оқушы бойына өз бетінше ізденушілік, зерттеушілік ,ақпараттармен жұмыс істей білу құзыреттіліктерін дамыта отырып, білім мен тәрбиені біртұтас жүзеге асыра білетін ұстаздардың бірі.

 

Білікті маманның оқушылары аудандық, қалалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсақ, 2001 жылы 11 сынып оқушысы Жаужүрекова Әлия химия пәнінен қалалық олимпиадада І орынды иеленді.

2003 ж., 2004 ж., 2005 жылдары оқушылары Республикалық оқушылар сарайында өткен командалық-топтық олимпиадаларда І орын алды.

Химия пәні бойынша Эльмира Исебайқызы сабақ беретін сыныптардың білім деңгейі 96% сапа көрсетеді. Ал ҰБТ-ң қорытындысы химиядан 100% білім сапасын көрсетуде.

Эльмира Исебайқызы өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, пікір алысып отырады. Мысалы, 8-сыныпта «Оксидтер», 10-сыныпта «Техникадағы майлар, тамақ өнеркәсібі, синтетикалық заттар», 9-сыныпта «Металдар» тақарыптарында ашық сабақтар бере отырып, өзінің шебер, жаңашыл ұстаз екендігін көрсетті. Үлгі ретінде «Химия тұрмыста» атты пәндік кеш өткізді.

Эльмира Исебайқызы өз пәні бойынша білім мазмұнының толымдылығын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық ізденістер жасайды. Ол – 11 сыныпқа арналған «Химия біздің өмірімізде» атты үйірме сабағының 34 сағаттық бейімделген бағдарламасының, 9 сыныпқа арналған «Химиядан типтік есептер шығару» тақырыбы бойынша 34 сағаттық факультативтің бейімделген бағдарламасының авторы.

Бидайбекова Эльмира Исебайқызы – 2001 жылдан бері директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Мектептегі бас әдіскер ретінде сабақ берудің дәстүрлі әдіс-тәсілдері мен оқытудың жаңа технологиясын тиімді үйлестіру бойынша мұғалімдер үшін кафедралық семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстөлдер, дебаттар, лекциялар, коференциялар ұйымдастырады. Инновациялық, интерактивтік оқыту үлгілерін теориялық жағынан да, практикалық жағынан да дайындап көрсетіп, мұғалімдердің қазіргі талаптар деңгейінде болуларын қамтамасыз етуге күш салады. Гимназияның бүгінгі биігінде көрінуінде Эльмира Исебайқызының ұйымдастырушылық-әдістемелік үлесі елеулі.

Бидайбекова Э.И. – оқушылармен, ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен тіл табыса білетін сыйлы, беделді, Жетекшілік мол тәжірибе жинақтаған ұстаз. Ол сабақтан тыс қоғамдық іс-шаралардың да ұйытқысы.

Эльмира Исебайқызы Республикалық, қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының курстарынан өтіп отырады: 2000 жыл: «Оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеу проблемалары»; 2001 жыл: «Химия пәнінен әртүрлі деңгейдегі есептерді шығару жолдары мен әдістері»; 2004 жыл: «Мектептегі инновациялық үрдісті зерттеу мен бағалаудың ғылыми-әдістемелік негізі»; 2005 жыл: «Жаңа буын оқулықтары бойынша химия пәнін оқытудың ерекшеліктері». Сондай-ақ ол «Мектеп басшыларына арналған ИНТЕРНЕТ-тренинг» курсына қатысып, сертификаттар алды.

Марапаттары: 2001жылы «Өскелең ұрпақты оқытуда жемісті шығармашылық еңбегі үшін және химия пәнінен қалалық олимпиадада оқушысы жүлделі орын алғаны үшін» қалалық Білім департаментінің Құрмет грамотасын алды; 2008жылы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

 

 

 

шаблоны для dle

Категория: акiмшiлiк

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.