Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Директордың міндетін уақытша атқарушы

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:26, посмотрело: 3270

0

Директордың міндетін уақытша атқарушы

Бидайбекова Эльмира Исебайқызы - №159 гимназияда 1999 жылдан бері химия пәні мұғалімі болып жұмыс істеп келеді және ол директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де атқарады. Шығармашылық тақырыбы – «Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы химия сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру». Осы тақырып аясында оқушылардың сабақта және сабақтан тыс ізденістерін шебер ұйымдастырады. Теория мен практиканы ұштастыру жолымен оқушылардың қызығушылығын арттыруға басымдық береді. Оқытудың жаңа технологияларының әдіс-тәсілдерін, элементтерін өз сабағында тиімді пайдаланады және оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сабақтың тұлғаға жақындығын мейлінше арттыруға көп көңіл бөледі. Сабақта техникалық және электрондық құралдарды қолдануды нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Оқушылардың өз бетінше зертханалық тәжірибелер орындауларына басымдық береді, олардың қорытындыларын компьютер арқылы оқушылардың өзінің жеке базасына енгізіп отыруларын ұйымдастырады. Ол – оқушы бойына өз бетінше ізденушілік, зерттеушілік ,ақпараттармен жұмыс істей білу құзыреттіліктерін дамыта отырып, білім мен тәрбиені біртұтас жүзеге асыра білетін ұстаздардың бірі.

 

 

 

 

Категория: акiмшiлiк

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:52, посмотрело: 1016

0

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Тұңғышбаева Гүлназ Облбекқызы

ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ

«Алматы жыл мұғалімі-2008» байқауының «Бас жүлде» иегері

Тұңғышбаева Гүлназ Облбекқызы 2002 жылдан бастап Алматы қаласы, Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда жұмыс атқарып келеді. Ол –жоғары санаттағы информатика пәнінің біліктілікті мұғалімі, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының ізденушісі. 2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасында «Информатиканың бағдарлы курсында компьтерлік графика құралдарымен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты диссертациялық зерттеу тақырыбы негіздемесі қорғалып бекітілген.

 

 

Сүйікті нақылы:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді!

Керемет мұғалім көрсетіп әрекеттендіреді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

                                                            (У.Уорд)

Сүйікті қағидасы:

Қазақ ұлтының бесігі – қазақ мектебі. Мен сол бесіктің тербеушісімін...-

Гүлназ Облбекқызы – мектепте информатиканы оқытуды жоғары деңгейде жүзеге асырып жүрген ұстаз. Ол оқытудың жаңа технологияларын, озық іс-тәжірибелерін тиімді пайдалануда үнемі ізденіс танытады. Сабақты шебер ұйымдастырады. Оқытудың психологиялық шарттарын құра білуі өнеге бола алады. Балаларды ақпараттық ойлауға үйретеді. Оның шәкірттері ақпараттық теория негіздерін және компьютерлік дағдыларды терең меңгергендіктерімен ерекшеленеді. Өз әріптестерімен интерактивтік тақта бойынша оқыту тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ол жетекшілік ететін ақпараттық кабинетті мектептегі ақпараттық оқыту әдістемесінің орталығы десе де болады.

 

Категория: акiмшiлiк, Октушылар

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:34, посмотрело: 889

0

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Кисимбетова Шолпан Бақытжанқызы

 

Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген Кисимбетова 1998 жылдан осы Ы.Алтынсарин гимназиясында музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді. 2006-2007 оқу жылынан бастап директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Шолпан Бақытжанқызы музыка сабағына халықтық педагогика құндылықтарын үнемі негіз етіп алады. Дәстүрлі музыканың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін, ішкі ұлттық рухын шәкірттерінің бойына сіңіруде шығармашылықпен еңбектенеді. Сабақта халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп сақтаған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерінің рухында баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыруды Шолпан Бақытжанқызы міндетім деп санайды.

 

Категория: акiмшiлiк

 

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

Автор: admin2 от 15-03-2014, 19:30, посмотрело: 1043

0

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

 

Құсайынова Жанар Бейімбетқызы

№159 гимназияда Құсайынова Жанар Бейімбетқызы 1991жылы оның ашылған күнінен бастап бастауыш сыныптарды оқытып келеді әрі бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары лауазымын қоса атқарған білікті маман. Ұстаз қазіргі инновациялық және интерактивтік оқыту технологияларын қолдануда ізденістер жасап, оқушылардың білімін, білігін, дағдыларын сапалық деңгейге көтеруде. Сабақты ұйымдастыруға шығармашылықпен қарап, оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету мақсатында ұжымдық, топтық, жұптық, жекелей оқу әрекеттерін өзара шебер үйлестіреді. Ұстаз өз тәжірибесінде білім бере отырып тәрбиелеу ұстанымын берік ұстанады. Есептеу дағдыларының, оқу-жазу әрекеттерінің, тіл дамыту, өнерге баулу жұмыстарының негізіне бағдарламалық материалдарды меңгеру талаптарын ала отырып, олардың тәрбиелік қызметін іске қосуды және адам өміріндегі мәнін ашып көрсетуді әрқашан ескереді. Оқытудық электрондық, техникалық, көрнекі және дидактикалық құралдарын кешенді түрде ұтымды пайдаланады, олардың картотекалары жүйеленген және толымды.

 

 

Ұстаздың оқушыларының білім сапасы жоғары, олар әр түрлі білім сайыстарында жеңістерге қол жеткізіп, мектеп мәртебесін көтеруге ат салысады.

 

Категория: акiмшiлiк, Октушылар