ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ №159 ГИМНАЗИЯНЫҢ ӘНҰРАНЫ
Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның әнұраны Сөзін жазған: Сәбит Райысұлы Дүйсебаев Әнін жазған: Шолпан Кисимбетова Шуағы нұр шашқан жарқырап Мектебім Ыбырай атында Әлемдік білімге бет алған Нұр алып халқының салтынан. Қайырмасы: Шарықта, шарықта, Қыран боп қалықта, Мектептің түлегі, Білуден жалықпа. Егемен еліңді Әлемге таныт та, Шарықта, шарықта, шарықта! Мектебім – гүл дәурен балалық, Мектебім – ертеңгі даналық. Мектебім, күн болсаң сен бізге, Біз – сәулең тұратын таралып.